Міне, Қүран-ы Хаким осы бір ауқымды сырды іусіндіру үшін, бүкіл әлемнің кеңістігінен, мысалға, аспан мен жердің қалай жаратылғанын баяндағанда, кенет өте тар алаңнан әңгіме қозғайды. Ондағы мақсаты - Әхадиет таңбасын анық түрде көрсету. Мәселен, аспан мен жер туралы аят-та адамның жаратылысынан және оның дауы-сынан, тұлғасындағы нығмет пен хикметтің күрделіліктерінен әңгіме қозғайды, Осылайша пікір бытырамай, жүрек туншықпай, рух өзінің Мағбудын бірден таба қояды, Мәселен,
аяты, жоғарыда аталған ақиқатты мүғжизалы түрде көрсетеді. Рас, сансыз мақұлықтардағы және шексіз көп Уахдет таңбаларының өзара шеңберлер тәрізді ең үлкенінен бастап, ең кішкенесіне дейін түрлері мен мәртебелері бар. Алайда әлгі Уахдет, қанша дегенмен, көпшілік ішінде бір Уахдет болғандықтан, нағыз үндеу қызметін толық атқара алмайды. Сондықтан уахдет артында Әхадиет таңбасы болуы қажет. Сонда кесрет ойға келмейтін болады. Зат-ы Ақдеске қарай жүрекке тура жол ашылады. һәм, назарларды Әхадиеттің таңбаларына аудару, жүректі баурау үшін әлгі Әхадиет таңбасы үстіне өте тартымды бір нақыш әрі өте жарқын бір нүрг шырындай тәттілік, өте сүйкімді бір жәмал, өте күшті ақиқат болып табылатын Рахмет таңбасын қойған. Иә, сол рахметтің қуаттылығы ғой саналы мақүлықтардың назарын өзіне тартып әкететін әрі Әхадиет таңбасына жеткізетін. Әрі сол ғой Зат-ы Әхадиені үғындыратын, Осылайша деген аяттағы нағыз үндеуге бөлейді. Міне, „биссмилләһиррамәниррахим" Фатиханың мазмұны, Қүранның қысқартылған жиынтығы болғандықтан, осы аталған терең сырдың лақабы әрі тәржімесі болған. Бул лақапты иеленген адам рахметтің мәртебелерінде шалқақтай алады. Әрі осы тәржімені сөйлеттірген Рахметтің сырларын біліп, Рахимиеттің нұрлары мен мейірімін көреді.