АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 110
(1-151)

Әй, адам! Рахмет осындай қуатты әрі тар-тымды, сүйкімді әрі медет беруші жағымды ақиқат екен, олай болса „биссмил-лаһиррахмәниррахим" де. Осы ақиқаттан мықтап ұста! Сөйтіп, үрей мен қорқыныштан, мұң-мүқтаждықтың қайғыла-рынан құтыл! Әлгі Әзәл мен Әбед Сұлтаны-ның тағына жақында, әрі сол рахметтің мейірімімен, шуағымен сол Сұлтанға дос әрі тыңдаушы бол!

Рас, әлемдегі сан-алуан нәрселерді хикметті түрде адам баласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, айналасына асқан реттілікпен, жүйелі түрде жинап, қол ұшын бергізу, бас идіру міндетті түрде екі жағдайдың бірі, я әлемдегі әрбір түр өздігінен адамзатты танып, бас иіп көмектесіп отыра-ды. Әрине, бұлай болуы - ақылға сыймайтын жөнсіздік. Адам сияқты өте дәрменсіз мақұлықта құдіреті күшті Сұлтанның қуаты болуы қажет. Не болмаса, мына әлемнің пердесінің артында бір Қадир-ы Мутлақ өзінің ілімімен мына демеуді жасап отыр. Демек, әлемдегі түрлер адамды танымайды, керісіншё, адамды танитын, білетін, жанашыр біреу оны таниды, біледі. Бұл соның айғағы.

Әй адам! Ақылға кел! Мақұлық атаулының турлерін саған бағыттап, көмекке жіберіп, оларды мұң-мұқтаждықтарыңа „Ләббәйк" дегізген Зат-ы Зүлжәлал сені білмеуі, таны-мауы, көрмеуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ, ол сені біледі, әрі білетінін мейірімділігімен та-нытуда. Олай болса, сен де біл. Білетініңді қүрметтеу арқылы білдір. һәм мынаны анық түрде біліп қой: сен сияқты мүлдем әлсіз, тым дәрменсіз, өте пақыр әрі фәни мақұлыққа алып әлемді қызметші, көмекші жасау, әлбетте, хикмет пен қамқорлық, ілім мен қүдіреттен тұратын Рахметтің ісіг оның ақиқаты, Әлбетте, мұндай бір рахмет, сенен ауқымды әрі шынайы шүкір және кіршіксіз де адал құрмет талап етеді. Сол шынайы шүкір мен адал қүрметтің тәржімесі әрі лақабы болып табылатын „бисс-милләһиррахмәниррахимді’1 айт. Оны рахмет-ке қауыштыратын үйтқы, әлгі Рахманның алдында шапағатшы жаса.


Дыбыс жоқ