Бірі: Бүкіл әлемді жаппай алып қарағанда, араларында жәрдемдесу, арқа сүйеу, жақындық, байланыс көрінеді. Міне, бұл Улу-хиеттің таңбасы болып, „Бисмиллаһпен11 қатысты құбылыс.
Екіншісі: Жер бетіндегі өсімдік пен жану-арлар әлемін үйлесімді етіп, тәрбиелеп отырған басқарма істерінде көрінетін ұқсастық, үйлесімділік, реттілік, біркелкілік, жанашырлық пен мейірімділік. Міне, бүл - Рахманиеттің ұлы таңбасы „Бисмил-лаһиррахманмен11 қатысты қүбылыс.
Үшіншісі: Адамның толық мәнісін алып қарағанда, оның өзіндік тұлғасында қамқорлық, жанашырлық сезімі және Ал-лаһтың аса мейірімділік нурлары көрінеді. Міне, бұл - Рахимиеттің ұлы таңбасы. Ол - „Бисмиллаһиррахманиррахимдегі" „Әррахим-мен" байланысты қүбылыс. Демек, әлемді бір параққа теңейтін болсақ, „Бисмиллаһиррах-манниррахим11 парақтағы Әхадиеттің үш таңбасынан құралған нұрлы жолдың қасиетті лақабы болып табылады. Және ол - берік бір арқан, жарқын бір сызық. Басқаша айтқанда, „Бисмиллаһиррахманирахим11 жоғарыдан келіп, әлемнің жемісі әрі оның кішкене өрнегі болып табылатын адаммен ұштасады. Жерді ғарышпен байланыстырып тұрады. Ол - адамгершіліктің жоғары мәртебесіне бас-тайтын жол.
Екінші сыр: Қасиетті Құран толассыз мақүлықтардағы айқын Уахидиет сырын ойлаған ақылдар туңғиыққа батып кетпесін деп, әрдайым әлгі Уахидиет сырын баяндарда Әхадиет сәулесін көрсетіп отырады. Яғниг мы-салға, Күн өзінің сәулесімен шексіз нәрселерді қамтиды. Күнді жарық сәулесімен бірге толық зерттеу үшін, тым терең ой мен назар қажет болғандықтан, Күннің өзін умыт-тырмау үшін, әрбір жылтырақ нәрсе Күнді шағылыстырып көрсетеді. Әрбір жылтырақ нәрсе қабілетіне қарай куннің сәулесімен бірге оның жарық, жылу сияқты қасиеттерін көрсетіп отырады.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى