АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 106
(1-151)

Тоғызыншы ишарат. Иман және Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің нәтижесінде әхли-кәшф пен шыншылдар бір ауыздан былай дейді: Дүниеде мың жыл шаттық өмір сүру, жәннаттың бір сағатына жетпейді. Жәннаттың мың жылдық тұрмысы киелі де ұлы, нүқсандықтан ада, жәмал мен асқан кемелдіктің иесі Зат-ы Зүлжәлалды бір сағат тамашалауға жетпейді. Міне, осындай тамашаға куә болатындары (1) шүбәсіз хадистер және Құранның хабарымен расталған.

Хазіреті Сүлеймен (Ғ.С) сияқты ке-мелдігімен аты шыққан мәшһүр бірісін көруге қүмарту, Хазіреті Жүсіп (Ғ.С) сияқты көркімен аты шыққан біреуді көру қүштар-лығы әркімде бар. Апырым-ай, дүниенің бүкіл әсемдіктері мен кемелдіктерінен мың есе көркем жәннаттың барлық әсемдіктері мен кемелдіктері, жәмалы мен кемалының шағылысы болып табылатын Аллаһты тама-шалау неткен ғанибет, қызығарлық, әрі оны көру қаншалықты асқақ арман, ынтығарлық іс екенін таразылай алсаң қане...

(1) Хадиске сүйене отырып, сондағы тамаіпалау; жәннаттағы ләззаттардан әлдеқайда жоғары екені сондай, олар естен шығып кетеді. Тамашалаудың соңында көрген кісілердің көз тоймас көркі одан әрі артып, тіпті үйлеріне қайтқан кездерінде, отбасы оған күмәндана қарап, әрең танитын болады.

Дыбыс жоқ