Дүние ақыреттің егін да-ласы, Илаһи есімдердің айнасы, деген. Міне, дүниенің осы екі әсем жүзіне деген толғана жасалған махаббаттың ақыреттегі нәтижесі; Дүниенің үлкендігіндей, бірақ фәни дүниеге ұқсамайтын мәңгі жәннат берілетін болады. Сондай-ақ дүниеде тек көмескі көлеңкелері көрінген есімдер, әлгі жәннәттың айналарын-да тым жарқын түрде көрсетілетін болады, һәм дүниені ақыреттің егін даласы деп сүюдің нәтижесі; Дүниені шыбықтай (питом-ник), яғни тек көшеттерді белгілі дәрежеге дейін өсіретін шағын бір алқабы ретінде сүйгенде, одан жәннат шығады. Ол жерде дүни-елік адам бойындағы ішкі-сыртқы сезімдер сезімдер шағын көшеттер болып, жәннатта өте керемет турде дамып, дүниеде тұқым тәрізді болған бейімділіктер, ләззаттар мен ке-мелдіктердің турлерімен бүршік атып, иесіне берілетіні Аллаһтың рахметі мен хикметінің талабы әрі Құранның ишаратымен бекітілген нәрсе.
һәм, ондай махаббат, барлық қателіктің анасы болған дүниеқүмарлық емес екен, керісінше, Аллаһтың есімдерімен, ақыретпен қатысты екі жүзін, есімдер мен ақырет үшін сүйген екен, әрі ғибадат ойымен әлгі жүздерді ретке келтірген екен; әлбетте, дүние үлкендігіндей ақы алуы, рахмет пен хик-меттің талабы, һәм оны ақырет үшін, оның егін даласы деп сүйген екен, һәм Аллаһу Тағалаға деген сүйіспеншілік арқылы оның есімдерінің айнасы деп сүюг әлбетте, дүние сияқты үлкен жақсылық қалайды. Ол да дүние сияқты кең Жәннат.
Сүрақ: Мұнша үлкен әрі кең байтақ жәннаттың керегі не?
Жауап: Мәселен, сен, жолын тауып қиял жылдамдығымен жер жаһанды, аспан әлемін кезсең, „Бүкіл әлем менікі" дей аласың. Ол жерде періштелер мен адамдар, жан-жануар-лардың болуы сенің ол ойыңа ешқандай әсер етпейді. Сол сияқты манағы жәннат та толы болса, „Бүл жәннат менікі" дей аласың, Хади-сте: „Кейбір әхли-жәннатқа берілген бес жүз жылдық жәннат" деген осы. Бүл Жиырма сегізінші Сөзде баяндалған болатын.