Енді бүл - бала-сы жастай өліп кеткен ата-аналарға сүйінші.
Бесінші ишарат. „Әл-хуббу филлаһ" үкіміне сай, жөнді, салих сүйікті жандарға деген ма-хаббаттың нәтижесіне келер болсақ, жәннатта 64 деп аталатын бір-біріне қарама-қарсы орна-ласқан жұмсақ орындықтарда отырып, тәтті сұхбат, жарасымды әңгіме-дүкен, көңідді оқиғаларды, ескі естеліктерді бір-біріңе айтып, шаттанатындары, әрі ол шаттық қоштасу дегенді білмейтін мәңгі ыстық сезіммен сүйікті жандарымен қауышатыны Қасиетті Қүранда нақты білдірілген.
Алтыншы ишарат. Құранның айтқанын-дай, Пайғамбарлар мен Әулиелерге махаббат-тың нәтижесі - әлгі Пайғамбарлар мен әулиелердің шапағатынан берзахта, хаширде пайдалана отырып, олардың жоғары мәртебелі дәрежелерінен, даналығы мен фейіздерінен әлгі махаббат саясында фейіз алу
Иә 65 сырына орай, қарапайым адам жоғары мәртебеге, өзі сүйген жоғары мәртебелі кісінің арқасында оған тәуелді болу арқылы шығады.
Жетінші ишарат. Сүлу нәрселерге, қүлпырған, көктемге деген занды махаббатың - „қалай жақсы жасалған11 деген назармен сол жаратылыстардың арқасында жарату ісінің әсемдігін, реттілігін, сол жүйелі іс-әрекеттердің арқасындағы әсем есімдердің және сол әсем есімдердің арқасында сипат-тың әсемдігін сүюдің нәтижесі; мәңгілік әлемінде әлгінде көрген туындылардан әлдеқайда көркем түрде есімдердің көріністерін әрі сол есімдегі жәмал мен сипа-тын жәннатта көру. Тіпті, Имам-ы Раббани-дың (р.а) дегеніндей: „Жәннаттің әсемдіктері
- әсем есімдердің сәулелерінің денеге айналған түрлері." Ойлан!
Сегізінші ишарат.