АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 107
(1-151)
(Он төртінші лема)
Екінші бөлім

„Бисмиллаһиррахманирраһимньщ" мыңдаган сырларынан алты сыры баяндалмақ.

Ескерту: „Бисмиллаһты11 мейірімділік жағынан алып қарағанда, оның жарқын нұры күңгірт, таяз ақылыма үзақтан шалынды. Қолыма қалам алып, әлгі көргендерімді өзіме деп, нота түрінде түртіп қойғым келді. Сөйтіп, сол нүрға арнап жиырма-отыз сөз жазсам дедім. Ойым аулап, түсаулап қою. Алайда, өкінішті-ақ, ойымды толық іске асыра алма-дым. Жиырма-отыз деп жүргенімде, әзірге қолымда бес-алтауы ғана бар.

„Әй, адам" деген кезде, нәпсімді мегзеп отырамын, Бүл дәріс өзіме арналған болатын, бірақ жаныма жақын көзі ашық, көкірегі ояу жандарға, бәлкім, пайдасы тиер деген ниет-пен бүл жазбама „Он төртінші сәуленің екінші бөлімі" деп айдар тағып, зерек бауыр-ларым жөн көреді деп жіберіп отырмын. Бүл дәріс ақылдан гөрі көңілге қонады, дәлелден гөрі сезімге жақын.

Бұл бөлімде бірнеше сыр баяндалмақ.

Бірінші сыр: Бірде „Бисмиллаһиррахманир-рахимнің" жарқын сәулесін көрдім. Былайша:

Бүкіл әлемде, жер жүзінде, адам тұлғасында бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінің үлгісі деуге болатын үш дана Рубубиет таңбасына куә болдым.

Дыбыс жоқ