Сондай-ақ әрбір жылты-рауық нәрсе куннің барлық сипатын өзінің қабілетіне қарай көрсететіні сияқты, күннің жарық, жылу және сәулесіндегі жеті тус секілді ерекшеліктерінің әрқайсысы барлық нәрселерді қамтып тұрады. Сол сияқты 71 теңеуде қате болмасын - Аллаһтың Әхадиет пен Самедиет сипаттарының әрбір нәрсенің жүзінде, әсіресе, тіршілік иелерінде, оның ішінде адамның айна тәріздес жараты-лысында барлық есімдерімен бірге бір сәулесі болатыны сияқты, Уахдет пен Уахидиет жақтарымен де болмыс атаулымен байланыс-ты әрбір есімі болмыс атаулыны қамтып тура-ды. Міне, ақылдар Уахидиет сырын аңғарсын, көңілдер Зат-ы Ақдесті ұмытпасын деп, Уахи-диеттегі Әхадиеттің таңбасын әрдайым еске салып отырады. Сол таңбаның маңызды үш өзегін „Бисмилләһиррахманиррахим" көрсе-теді.
Үшінші сыр: Мына он сегіз мың әлемді жайнатып турған сөзсіз түрде қамқорлық яғни Рахмет. Әрі мына қараңғы әлемді құлпыртып отырған күмәнсіз түрде сол Рах-мет. Жоқтықтан ішегі айналған шексіз мақүлықтарды жетілдіріп, өсіріп отырған шүбәсіз тағы сол Рахмет болып табылады. Ағаш барлық тәнімен жеміске бағытталғаны сияқты, бүкіл әлемді адамның игілігіне бағыттап, жан-жақты бас идіріп, көмекке жіберіп отырған нақ Рахметтің өзі. Сондай-ақ мына шексіз кеңістікті және ессіз бос әлемді нұрға бөлеп, әшекейлеп, толтырып қойған Рахмет екені көзге көрінгендей айдан анық. Әрі мына фәни адамды мәңгілікке шақырып, оны ынталандырып және әзели де әбеди, яғни бастаусыз да шексіз біреуді тыңдаушы әрі оған дос жасаған, әлбетте, Рахметтің нақ өзі.