АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 103
(1-151)

Үшінші ишарат. Жұбайына деген заңды махаббат, яғни оның мейірімділігіне, нәзіктігіне, әдемі мінез-қүлқына деген шы-найы сүйіспеншілік арқылы оны жат қылықтардан, басқа да күнәлардан сақтаудың ақыреттегі нәтижесі болса; Рахим-ы Мутлақ әлгі өмірлік жұбайын хор қыздарынан әлдеқайда сүлу, өте сәнді әрі көз тоймас көрікті етіп, зәулім мәңгі бақыт сарайында мәңгілік жолдас және бастан кешкен дүние-лік оқиғаларын бір-біріне шаттана айтып, ес-теліктерін, өткен күндерді ойлап сырласатын дос, сондай-ақ сезімтал да мәңгілік айырыл-мас жұбай, сүйікті де сүйкімді жансерік түрінде қайтарып беретінін уәделеп отыр. Әлбетте, уәдесін бүлтартпай орындайтын бо-лады.

Төртінші ишарат. Ата-анағаг балаға деген занды махаббаттың нәтижесіне келетін болсақ, Қасиетті Құранның айтқанындай, Аса қамқор бір Аллаһ, олардың мәртебелері әр түрлі болса да, ондай бақытты отбасын мәңгілік әлемінде қайта қауыштырып, пәк әрі қызықты сүхбат және жәннатқа лайық мусылманша қарым-қатынас сыйлайтын болады.

Сондай-ақ? он бес жасқа толмай, яғни хадд-ы булуғқа жетпей көз жүмған балалар 64 деп аталатын жұмақ балалары түрінде, жәннатқа лайық бейнеде, сүйкімді де әдемі пішінде жәннатта да ата-аналарының қүшағына берілетіні, ата-аналары да бала сүю құмарлығын басып, сондай мәңгі өшпес ләззат пен рахатқа бөленетіні тағы бар. Өйткені балалар діни жауаптылық арқаламағандықтан, мәңгі сүйкімді балалар болып қала береді. Дүниедегі әртурлі қызықты ләззаты көп нәрселердің ең жақсысы жәннаттан табылады. Ескі де тым тәтті балажандық, яғни балаларын сүйіп ерке-лету сезімі, жәннат нәсілді көбейту жері емес болғандықтан, жәннатта ондай. сезімге орын жоқ деп айтылып келді. Міне, мұндай жағдайда ол да болады екен.

Дыбыс жоқ