АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 100
(1-151)

Дүниеге деген сүйіспеншілік: Аллаһтың есебіне болғандықтан, дүниедегі қорқыныш беруші құбылыстар саған таныс достар сияқты көрінеді. Ақыреттің бақшасы, егінжайы ретінде танығандығың үшін, пайда-лы жемістер ала аласың. Бәлелер мен қайғылар сені қорқыта алмайды. Қиыншылықтары да саған салмақ бола ал-майды. Бұл қонақүйдегі саған бөлінген уақытты көңілді де рахат өткізесің. НеМесе қапы қалғандар секілді сүйіспеншілік кәрсе-тетін болсаң, саған жүз рет айтқанымыздай, азапты әрі жан қинайтын һәм нәтижесіз сүйіспеншілікке батып кетесің.

Міне, жаның сүйген кейбір нәрселерді Құранның үйреткен жолымен сүюдің игі жақтарының жүзден бірін ғана көрсеттік. Ол сүйіспеншілік пен махаббат Қүранның көрсеткен жолында болмаған жағдайда, жүздеген зияндарының біріне ғана ишарат еттік, Қазір де осы сүйіктілеріңнің мәңгілік бақыт жерінде, ақырет әлемінде Қүран-ы Ха-кимнің аяттарында ишарат еткен нәтижелерін естіп, тусінгің келсе, „Кіріспе" және „Тоғыз ишареттің" жүздеген пайдалары-нан біреуін қысқаша баяндаймыз.

КІРІСПЕ

Аллаһу Тағала өзінің жәлил Улухиетімен, жәмил рахметімен, кәбир рубубиетімен, кәрім рефетімен, азим қүдіретімен, латиф хик-метімен мына кішкене адам бойын мұншама сезімдермен, мұншама жиһаз, аспаптармен, сан-алуан мүше, қүрал-жабдықтармен, түрлі-түрлі ой-өріс, рухани байланыстармен қамтамасыз етіп әшекейлеген, ондағы мақсаты - өзінің шексіз сан-қилы қызметтерін, исхандарының түрлерін, рақымдылығының дәрежелерін әлгі адам ба-ласына бойындағы көптеген сан-алуан аспап-тарды қолдана отырып сездіру, білдіру, таттыру, таныстыру. Әрі мың бір есімнің сан-алуан құбылыстарын әлгі аспаптар арқылы адам баласына білдіру, таттыру, сүйсіндіру. Аталған адам бойындағы көптеген құрал-жаб-дықтар мен жиһаздардың әрқайсысының атқаратын бөлек-бөлек қызметі, өзіндік құлшылығы бар, сол сияқты бөлек-бөлек ләззаты, уайым-қайғысы, атқарар міндеті мен өзіндік ақысы бар.

Дыбыс жоқ