АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 97
(1-151)

Жаныңа махаббат: оған жаның ашу, тәрбие беру, зиянды жат қылықтардан аулақ ұстау. Сол кезде жаның сені қүлқынына тұтқын етіп, мойыныңа міне влмайды. Қайта сен оны жетектеп отыратын боласың. Оны; бос нәрселерге емес, Қүдайға бағыттайсың.

Өмірлік жарыңа деген махаббат: ішкі дүни-есінің сұлулығына, мейірімді мінезіне ғашық болып, Аллаһтың бір сыйы екендігін түсінсең, жарыңды шын көңіліңмен аяласаң, ол да саған аса құрмет көрсетіп, махаббатын саған арнайтын болады. Екеуіңіздің қартайған шағыңызда жаңағы махаббатарыңыз арта түседі. Әйтпесе, тән сүлулығына қызығатын болсаңыз, ондай махаббат баянды болмайды. Отбасының шырқы да бұзылады.

Ата-анаға деген махаббат: Жәнаб-ы Хақтың есебінен болғандықтан, ол да бір құлшылық ғибадет. Әрі олардың қартайған шағында қүрмет пен махаббатыңды арттыра түсесің.

Шын жүректен, жан сезіммен олардың өмірінің үзақ болуына дүға етерсің. „Оларға деген қызметтерімнің арқасында сауап алай-ын" деп, шын көңілден көрсетілген қүрмет рухани ләззат береді.

Егер нәпсің үшін, дүние үшін жақсы көрген болсаң, олардың қартайған шағында саған ешқандай да көмегі тимей, қайта сенің қолыңа қарап қалған кезінде, қарағың кел-мейді. Ал, өмірге әкелген аяулы жандарға өлім тілеу - барып тұрған хайуандық, рухани азғындық.

Балаларыңа деген махаббат: Жәнаб-ы Хақтың сенің бақылауың мен тәрбиеңе бер-ген аманаттары деп білу бір нығмет, Олай болса, оларға қараудан ешқандай ауырлық шекпейсің, қайтыс болғанда да үмітсіз өкінішке қалмайсың.

Жоғарыда баяндалғанындай, оларды Жара-тушы һәм Хаким, һәм Рахим болғандықтан, „Олар үшін бүл өлім бақыттылық11 дейсің.

Дыбыс жоқ