Рухтың дамуына байланыо ты болған махаббаттың түрлері Аллаһтың есімдерінің мәртебесіне қарай артады. Бар-лық есімдерге деген махаббатта ол есімдер Зат-ы Зүлжәлалдың лақаптары мен көріністері болғандықтан, шынайы махаб-батқа айналады, Енді, тек, мысал ретінде, мындаған есімдерден тек „Адл" және „Ха-кем41, сондай-ақ „Хақ" және „Рахим" есімдерінің мыңдаған мәртебелерінен бір мәртебені баяндап берейік. Былайша:
Хикмет пен әділ ішіндегі „Рахмәниррахим11 және „Хақ" есімдерін кеңірек тусінгің келсе, мына мысалға қүлақ түр.
Бір әскери гарнизонда төрт жүз үлттың өкілдері бар. Әр қайсысының киімдері басқа, жақсы көретін тамақтары бөлек. Өздерінің жақсы қолдана алатын қарулары да басқа-басқа болғандығына қарамастан, төрт жүз үлт бір-бірімен араласып тұрып жатыр. Бүлардың бәрін де өте мейірімді де қабілетті, білімді де әділ бір патша ешқайсысын үмытпай, арала-стырмай, бәріне бөлек-бөлек киім, тамақ, дәрі, қару-жарақтармен қамтамасыз етіп отырса, оның қаншалықты қабілетті, мейірімді әділ бір патша екендігі түсінікті. Себебі бір түменнің ішінде он үлттың өкілдерін бөлек-бөлек киіндіріп, жабдықтау қиын болғандықтан, бәрін де бірдей жабдықтармен қамтамасыз ететіндігі белгілі.
Сол секілді Жәнаб-ы Хақтың әділет мен Хикметке толы „Хақ" және „Рахман-ир Ра-хим" есімдерін көргің келсе, көктем маусы-мында жер жүзіне шатырларын тігіп, сап түзей қалатын төрт жүз мың түрлі үлт, өсімдіктер мен хайуанат қолына назар сал. Бүл тайпалардың бәрі де бір-бірімен араласып жатқанымен, әрқайсысының киімдері басқа, тамақтары бөлек, қарулары басқа, өмір шарт-тары басқа, тәлімдері басқа. Қажеттіктеріне қол жеткізуге қабілеті жоқг талаптарын айта-тын тілдері болмағанымен, Аллаһу Тағаланың олардың ешбіреуін үмытпай, араластырмай, тәрбие етіп басқарып отырғандығын біл.