Жәнаб-ы Хақтың сүйікті қүлдары болған Пайғамбарлар мен Әулиелерге деген махаббат - Аллаһ үшін сүю деген сөз. Өмірді сүю - Өмір Аллаһтың саған берген ең қымбат қазынасы екендігін түсіну әрі оны қору. Сол қазына арқылы мәңгі де бақытты өмірге же-туге болатындығын түсіну, оны Аллаһ үшін жасалған қызметтерге жұмсау - Аллаһқа де-ген маххаббаттың белгісі. Жайдары жастық шақтың әсемдігін, балғындығын Аллаһтың шырын нығметі деп біліп сүю, оны тиімді пайдалану, шүкір ету орынды сүйіспеншілік болып табылады. Көктемнің сүлулығы Ал-лаһтың нүрлы есімдерінің ең нәзік, ең сүлу нақыштарының парақтары, Сан-и Хакимнің өнерінің ең әсем безендірілген көрмесі екендігін түсініп сүю - Аллаһтың есімдерін сүю деген сөз. Бүл дүниені Ақыреттің бақшасы, егінжайы, Аллаһтың есімдерінің айнасы, хаты әрі уақытша мейманханасы түрғысында нәпсіге берілмей сүю - Аллаһқа деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Қорыта айтқанда, дүниені және ондағы мақүлықтарды есімдік мағынасымен емес, харіптік мағынасы арқылы сүй. „Қандай та-маша жаратылған" де. „Қандай тамаша" деме. Жүрегіңе басқа махаббаттардың орнауына жол берме. Себебі жүректің ішкі сезімдері Аллаһтың Самед айнасы әрі оған тиісті.
Сонымен, жоғарыда айтып өткен махаб-баттар суреттегеніміздей болатын болса, әрі өкінішсіз, әрі ләззатты болып, Аллаһқа деген махаббатты арттыра туседі. һәм орынды ма-хаббат болып табылады. һәм ләззаты мол шүкір, һәм сүйіспеншілікке толы пікір.