Мысалы: жоғары мәртебелі патша саған бір алма сыйласа,(1) бұл алмада екі махаббат және онда екі ләззат бар. Біріншісі: тәтті алма болғандықтан, жақсы көресің, алмаға тән ләззаты да бар. Бұл махаббаттың патшаға қатысы жоқ. Алманы жеген адам патшаны емес, алманы жақсы көреді. Сыйлаушы пат-шаны үмыттырады. Кейде патша ондай нәпсіқүмар махаббатты үнатпай, одан жиіркенеді. Әрі алманың дәмі өткінші болғандықтан, ләззаты қашып, өкініш қалдырады. Екіншісі: алмадағы және оны сый-лаушы патшаға деген махаббат. „Үлкен ілтипаттың белгісі" деп, алманы басына көтерген адам Патшаға деген сүйіспеншілігін де көрсетеді. Патша ілтипатының белгісі болғандықтан, бір алма мың алмадан да артық тәтті ләззат қалдырады.
(1) Баяғы бір заманда екі ру басы патшаның алдына келіпті. Жоғарыдағы мысалды айтылған жағдай шынында да болған екен
Сол секілді барлық нығметтер мен жемістерді тек дүниеуи жағынан бағалайтын болсақ, мұндай сүйіспеншілік нәпсіқүмарлық. Ондағы ләззаттар да өткінші әрі өкінішті. Егер Аллаһтың мейірімділік ілтипаты мен жа-рылқаушылығының жемістері ретінде сүйсе, сый-сыяпат пен жарылқауларының ілтипат дәрежесінің қадірін түсіну арқылы тәбеті тәбеті ашылып, ләззат алса, онда әрі рухани шүкір, әрі өкінішсіз ләззат алуға болады.
Үшінші нүкте. Жәнаб-ы^Хақтың^есімдерще деген сүйіспеншіліктің бірнеше дәрежелері бар. Жоғарыда баяндалғандай, кейде жараты-лыстарға деген сүйіспЕйшілігі арқылы Аллаһтың есімдерін сүю, бағалау. Кейде Аллаһтың есімдерінің әрбірі Аллаһтың сыпат-тары екендігін тану арқылы оған деген ма-хаббатын арттыра түсу. Кейде адам баласы жаратылысынан көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, Аллаһтың есімдеріне мүқтаж екендігін түсініп, оған деген сүйіспеншілігі арта түседі.