АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 94
(1-151)

Мысалы, сенің жақсы көрген ту-ысқандарыңа және кедей-кепшіктерге және басқа да көмекке мұқтаж жандарға жаның ашып тұрған шағыңда, басқа бір кісі шығып сенің ойыңдағыдай игілік жасаса, оның мейірбандығы мен жомарттығына разы бо-лып, адамның жомарттығы мен игілігіне деген сүйіспеншілігің арта туседі. Сол сияқты Жәнаб-ы Хақтың тек қана Рахман және Ра-хим есімдерін ойлап, сенің жаныңдай жақсы көрген ата-бабаларыңг туған-туысқандарың мен барлық мұсылмандарды бұл дүниеде әр түрлі нығметтермен, Жәннатта әр түрлі ләззаттарымен ләззаттандырып, сені де сол мәңгі өмірде кездестіруші „Рахман" және „Рахим" есімдерінің қаншалықты сүюге лайық және адам баласының бұл екі есімге қаншалықты мұқтаж екендігін өзің тусін. „Әлһамдүлиллаһи әла Рахманиятиһи уә әла Рахимиятиһидің" қаншалықты орынды екенін біл.

һәм, сенімен кіндіктес, қайғыңа ортақ бо-лып жүрген, былайынша айтқанда, үйің, яғни дүниені және ол үйдің күнделікті қажеттіктерімен әшекей бұйымдары болып табылатын мақүлықтарды өте хикметті турде реттеп, қүрастырып, үйымдастырып отырған Аллаһтың „Хаким" есіміне және „Мүрәбби" есіміне қаншалықты мүқтаж, қаншалықты ынтық екеніңді толғансаң, тусінесің һәм қайғысына ортақ болып, қарым-қатынаста болған адамзатты, өлер алдында жойылудан қүтқарып, мына дүниеден әлдеқайда әсем бір жерге қоныстандырған Аллаһтың „Уарис, Ба-ис" есімдеріне, „Бақи, Кәрім, Мухии және Мухсин" лақаптарына рухың қаншалықты мүқтаж екенін зерделесең, аңғарасың.

Міне, адам баласының мәнісі зор, жараты-лысы күрделі болғандықтан, мыңдаған қажеттілік түрлері мен мыңдаған Илаһи есімдерге және әрбір есімінің көптеген мәртебелеріне әу баста мүқтаж-ақ. Ал аса қажеттілік - ынтықтылық. Аса ынтықтылық - махаббат. Аса махаббат болса, ғашықтық болып табылады.

Дыбыс жоқ