Аяттың баланың ата-анаға бес турлі қүрмет көрсетуі керектігін бүйыруы ата-ананың қаншалықты қүрметке лайық, хүқықтары-ның өте маңызды екендігін көрсетеді. Ал оларды құрметтемеу, қарсы келудің жат қылық екендігі баяндалады. Ата-ана балала-рының өзінен де жақсы болғандығын тілейтіні белгілі. Баланың әкеге қарсы шығуға хақысы жоқ. Олай болса, ата-анамен балалар арасында дау-дамай боларлықтай жаратылыс-тан келген себеп жоқ. Дау-жанжал қызғанушылық пен көре алмаушылықтан өрбиді. Ал ата-ана мен бала арасында ол жоқ. Не болмаса, әділетсіздіктен жанжал шығады. Ата-анаға қарсы шығуға баланың хақы жоқ. Демек ата-анаға қарсы келіп, оларды ренжітетін бала адам бейнесіндегі хайуанмен бірдей. Ал балаларды Зат-ы Рахим-и Кәрімнің сыйы ретінде сүю, оларды мейірімге бөлеу, қызғыштай қорғау Аллаһ үшін екендігін көрсететін дәлел: балалардың өліміне бет жыртып жылау орнына сабыр сақтап, шүкір ету. „Жаратқанның менің қамқорлығыма берген сүйікті бір қүлы еді, Аллаһтың берген уақыты да біттіг менен алып, бүдан да жақсы жерге жолдады. Менің бүл қүлда азғана пай-ым бар екені рас. Негізгі жаратушысы Ол, бәрі де Аллаһтың қолында" - деп мойынсүну.
Достарға деген махаббат: егер олар иман және Салих амалдары арқылы Жәнаб-ы Хақтың достары болса, „Әлхуббу Филлаһ", яғни Аллаһ үшін сүю сырымен, ол да Аллаһ атынан болып табылады.
Ал өмірлік жарыңды Рахмет-і Илаһидің жанға жақын әрі нәзік сыйлығы ретінде сүй, махаббатынды бер. Бірақ тез бүзылып, өзгеріп отыратын тән сүлулығы үшін қызықпа! Бар-лық махаббатынды тән сүлулығына байлама. Әйелдің ең тартымды, ең тәтті сүлулығы, әйелділігіне тән жүмсақтығы, нәзіктігі және ішкі мінезінде. Ең қымбат, ең шырын жәмалы шын көңілінен келген нүрлы мейірімінде. Мейірімділік жәмалы мен ішкі мінездері бол-са, өмірінің соңына дейін сақталып, тіпті, ар-та түспекші. Сондай нәзік те латиф әйелге деген махаббат еш уақытта азаймайды. Әлгі сүйіспеншіліктің арқасында нәзік әрі әлсіз әйелге деген қүрмет сақталып қалады. Олай болмаған жағдайда, ажары кетіп, нағыз мүқтаж кезінде бейшара өзіне тиесілі сүйіспеншіліктен мақүрым қалады.