Әрі сол есімдер мен сыпаттардың әрқайсысында мыңдаған ихсан түрлері, сұлулық пен әсемдік, кемелдік түрлері мен сүйіспеншілік бар. Сен тек Рахман есіміне назар сал: Жәннат оның бір шағылысы, мәңгі бақыт оның бір сәулесі, ал дүниедегі барлық азықтар мен нығметтер оның бір үшқыны. Осы аталған теңеу және әхли-далалет пен әхли-иманның өмір салтын, тұрмысын, атқарар міндеті жағынан мәнісіне ишарат ететін
Сондай-ақ олардың ақыры немен тынаты-нына ишарат ететін:
Қасиетті Құран аяттарына зер салайық. Айтылған теңеуді қаншалықты маңызды түрде баяндайды десеңізші! Бірінші аят: Он бірінші Сөзде бұл аяттың шешендік әрі ижаз-дық жақтары егжей-тегжейлі баян-далғандықтан, бүны соған жүктеп отырмыз.
Екінші аят: бүл аят қаншалықты маңызды да мәнді ақиқатты білдіретініне қысқаша ишарат етеміз. Аталған аятты тура мағынасымен алып қарайтын болсақ, былай деп бүйырады: „Әхли-далалет, яғни азғындар өлген сәтте, жер мен аспан олар үшін жыла-майды". Керісінше алып қарайтын болсақ, былай шығады: „Имандылар дүниеден қайтқан кезде, жер мен аспан оларга қарап, жылайтын болады", яғни әхли-дадалет жер мен көктің атқарған міндеттерін бекерге шығарып, мән-мағынасын түсінбей, олардың қадірін тусіреді әрі ұсталарын танымайды. Сөйтіп, олардың намысына тиіп жауыздық жасайды, Сондықтан, әлбетте, жер мен көк оларға жылау былай турсын, керісінше, жиіркенетін болады. Олар арам қатқан кезінде көңілдері көншіп, рахаттанып қалады. Ал керісінше алатын болсақ: „Аспан мен Жер әхли-иман қайтыс болған сәтте жыламсырай-ды". Себебі Әхли-иман олардың атқарған міндеттерін бағалай біледі. Шын мәнісін мой-ындап, білдірген мағыналарын иман арқылы аңғарады. „Қалай керемет жаратылған, қалай ғана тым жақсы қызмет атқаруда" дейді. Өздеріне лайық бағасын береді. Оларға Ал-лаһу Тағала атымен, оның есімдерінің айнасы деп қарап, махаббат етеді, сүйсінеді.