АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 86
(1-151)

Сондай-ақ өлім мен ажал берзах әлеміне бастайтын мәңгілік әлемдегі сүйіктілерге қауышу, кезде-судің жолы екендігін көрсетеді. Әхли дала-леттің ойынша, барлық сүйікті жандардан мәңгіге қоштасу болып табылатын өлім жара-ларын осылайша емдеп қоя береді. Ондай қоштасу қоштасу емес, нағыз табысу, қауышу екендігін дәлелдеп береді. һәм қабір дегеніміз қайырымдылық әлеміне, бақыт сарайына, жәннат бау-бақшасынаг Рахманның нұрста-нына айқара ашылған есік екендігін дәлелдей отырып, адамзаттың ең үрейлі қорқынышын сейілтіп, қайғы-қасірет, өкініш толы берзах саяхатының өте тартымды, үйреншікті де көңілді бір саяхат екендігін көрсетеді. Қабір арқылы айдаһар аузын бітеп, сүлу бауға есік ашады. Яғни, қабірдің айдаһар еместігін, керісіншег қайырымдылық бағына бастайтын есік, баспалдақ екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ муминге былай деп тіл қатады: „Қолдағы еркің шамалы болса, шаруаңды өз Иеңнің күллі бүйрық пен тілегіне тапсыр. Әлсіз болсаң, Қадир-ы Мутлақтың қүдіретіне сен! Өмірің қысқа болса, мәңгі өмірің бар. Қам жеме! Пікірің таяз келсе, Қүранның күнінің астына ен. Сөйтіп, иман нүрымен қарасаң, әлгі көмескі пікірің Қүран аяттары болып, жарқыраған жүлдыздай сәуле шашады., Уайым мен талап-тілектерің көп болса, алдыңда сені күтіп тұрған аяқталмайтын сауап, шексіз қайырымдылық бар. Мақсат пен арма-ның көп болса, оларды уайымдап қайғырма, мұңайма! Олар бұл дүниеге сыймайды. Оларға бұл дүние тар келеді. Олардың орны басқа жерде. Оларды орындап беретін де басқа біреу. Сөзін жалғап, былай дейді: Әй, адам, Сен өзің қожайын емессің. Сен қүдіреті шексіз Қадирдың, Аса қамқор Рахим-ы Заты Зүлжалалдың мемлүкісің. Олай болса, өмір тауқыметін мойныңа арқалап қиналма, өйткені өмірді сыйлаған - Аллаһ. Билеп басқаратын да Аллаһ һәм дүние иесіз, бостан емес. Қылдай мойныңа дүниенің ауырлығын артып, үрейленіп мұңайма. Себебі, оның иесі - әрі һаким, әрі Алим. Сен болсаң бір қонақсың, босқа шатыспа, өзгені де шатыс-тырма! һәм мына адамдар, хайуандар барлық болмыс атаулы бостан емес.

Дыбыс жоқ