АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 87
(1-151)

Олар міндет жүктелген қызметшілер болыгі табылады. Олар бір Хаким-і Рахимның бағымында. Олардың уайым-қайғысын, шеккен қиын-шылықтарын ойлап, жаныңды қинама. Оларға Халиқ-ы Рахимнің қамқорлығынан артық қамқорлық жасаймын деп езеуреме. һәм саған дұшпан көрінген микробтан бас-тап, сонау обаг топан, аштық, зілзәла сияқты қорқыныштардың тізгіні әлгі Рахим-ы Ха-кимнің қолында. Ол - Хаким ғой, әбестік жасамайды. Ол - Рахим ғой, қайырым-дылығында шек жоқ. Істеген әр ісінде біртүрлі жарылқау, ізгіліктің нышаны бар. Әрі мына әлем, шынында, фәни. Бірақ мәңгі әлемге қажетті нәрселер дайындайды. Негізінде, өткіңші, баянсыз екені рас, бірақ мәңгі бітпес миуалар береді, Бақи бірінің бақи есімдерінің шағылыстарын көрсетеді. Шыньшда да қуанышты аз, қаиғысы бірақі^ахман-ы Рахимнің ілтипаты бітпейді. Нағыз л^ззат деп соны айт. Қайғылар болса, сауап ж^ғынан алып қарағанда, мағынауи ләззат сыйлайды. Шариғатқа сәйкес тұрмыс жүрек, рух, нәпсінің ләззат алуына, шаттану-ына, масайрауына толық қанағаттанарлық-тай жеткілікті. Оның сыртына шықпа. Өйткені оның сыртындағы бір ғана ләззәт кейде мың қайғыға душар етеді һәм ондай жат іс-әрекет Рахмани ілтипаттан мақұрым қалдырады. һәм жоғарыда баяндалғандай, да-лалет жолы адамды әсфәли-сәфилин шыңырауына құлдыратып жіберетіні сондай, оны одан ешбір мәдениет, өшбір философия шығарудан шарасыз қалғанда, Қасиетті Құран мен иман және салих амалдар арқылы әлгі әсфәли-сәфилин құрдымынан алай-ы ил-лииіне шығарады. Шығаратынына бүлтартпас айғақтар беріп дәлелдейді. Әлгі терең шыңырауды мағынауи жетістіктерімен, руха-ни байлақтарымен көміп, толтырып отырады. һәм мәңгілік тарапына бастайтын алдындағы ұзақг дауылды сапарды өте жеңілдетіп, оңайлатады. Мың жылдық, тіпті, елу мың жылдық қашықтықты, бір күнде жүріп өтетін жолдарды көрсетеді. һәм Әзел мен Әбед Сүлтаны, Зат-ы Зүлжалалды таныстыру арқылы адамды қызметші қүл, міндет жүктел-ген қонақ деген мақам береді, һәм "дүние" атты қонақжайда, һәм Бәрзахтағы, һәм ақыреттегі өткелдерінде жақсылап саяхаттау-ына ықпал жасайды.

Дыбыс жоқ