Неге десеңіз, ынтық болған ол нәпсілеріңді толық қанағаттандыра алмайсыңдар. Әрі оны нағыз ынталы болуға лайық Қадыр-ы Мутлаққа тәуекел деп, тәсілім етпей отырсындар. Осылайша әрдайым жан-дарың қиналады һәм Аллаһу Тағаланың есімдері мен сыпаттарына арналған махаббат-ты қу дүниеге арнадыңдар, өнер туындыла-рын әлемдегі себептерге бөліп бердіңдер, бастарыңа бәле тілеп алдыңдар. Өйткені он-дай толып жатқан көптеген сүйіктілерің, ын-тық болған ғашықтарыңның кейбірі сендерге „қош бол11 демей сырт айналып, тастап кетіп барады. Кейбірі сендерді мүлдем танымайды. Таныған күнде де сендерді үнатпайды, үнатса да, олардан қайыр жоқ. Толассыз қоштасулар мен келмеске кету, үмітсіз айырылулардан пайда болған осыншалық азап жандарыңды жегідей жейді. Міне, әхли-далалетті „өмірдің, бақыты адамның өркендеуі, мәдениет жетістіктері, бостандық, еркіндіктің ләззаты" деп жүргендеріңнің шын мәнісі - осы. Азғындық пен мастық бір перде.
Ол адамға уақытша сездірмейтін боларг „олардың ақылдарына болайын11 деп жиіркен. Алайда Қасиетті Құранның нурлы да кең жо-лына келетін болсақ, манағы әхли далалеттің бойындағы жараларды имандылықтың ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жол-дағы барлық қараңғылықты жойып, жарқыратады, далалет пен қүрдымға кету қаупінің алдын алып, амандыққа қауыштырады. Былайша: Адам баласының әлсіздік пен пақырлық, мұқтаждық жақтарын Қадир-ы Рахимге тәуекел еткізіп, емдей бас-тайды. Өмір тауқыметін, тұрмыс тынысын Оның қүдіретіне, рахметіне тәсілім етеді. Ол ауыр жүкті мойнына артпай, керісінше, оны өмірге, нәпсісіне жүктегендей рахаттық сый-лайды. Өзінің „Сөйлейтін хайуан" емес, қайта нағыз адам, Рахманның сүйкімді қонағы екендігін білдіреді. Дүние Рахманның қонақжайы екендігін көрсете отырып, дүниедегі болмыс атаулы Илаһи есімдердің айнала-ры екендігін, жаратылғандар болса әрдайым жаңарып отырған Сәмадани хаттар екендігін білдіру арқылы адам баласының дүниенің фәнилігінен, нәрселердің көзден таса болула-рынан, фәни нәрселерге ынтық болудан ту-ындайтын жараларын жақсылап емдеп, күдікті қайғылардан қүтқарады.