Не-ге десеңіз, егер адам Аллаһу Тағаланы таны-маса әрі оған сеніп тәуекел етпесе, өте әлсіз бейшара, шексіз қажеттіліктерге мұқтаж пақыр, толассыз қайғыға душар, өкінішті де мұңлық фәни хайуан тәріздес болып, барлық сүйікті жандармен қатынаста болған қоршаған орта оны тастап, қош айтысқандықтан, күйіне келе бүл да өзінен кейін қалған сүйіктілерімен өкіне қоштасып, қабір түнегіне жалғыз өзі кете барады. һәм өмірінің соңына дейін қолда бар аз ерікпен, аз ғана қуат, қысқа өмір, шамалы тіршілігі және шектеулі санасымен қыруар өкініштерге, қайғы-мүңдарға қарсы тұрып, аңсаған арманына жетуге бостан-бос шапқылайды. Мақсатыма жетем деп, нәтижесіз жанталасады. Өзі денесін көтеріп жүре алмағанымен тұрмай, қылдай беліне дүниенің аламат жүгін артып, мойнына су қүйылады, Жәһаннамның азабын шегеді.
Рас, осы бір ауыр мүң мен қорқынышты, рухани күйзелісті сезбеу үшін, әхли далалет дегеніміз - Қүдайдан безгендер сезімді жою үшін, ғаплет мастығымен уақытша ғана сез-бейді, Бірақ уақыты келгенде, яғни қабірге та-яп қалғанда, бір-ақ сезінеді. Өйткені адам Аллаһу Тағалаға нағыз құл болмаса, өзі-өзіне қожайынмын деп ойлайды. Алайда оның азғантай еркі, шектеулі қуаты мына алай-түлей дүниеде еш нәрсеге жарамайды. Өміріне қауіпті нәрселер, зарарлы микробтан бастап, сонау зілзәләға дейін, мындаған тобыр дүшпандары оның нәзік өміріне қауіп төндіруде. Жаны қиналып, үрей басып, әрдайым өңі суық, сүсты қабірін күйзеле ойлайды. Оның үстіне адам болған соң, адам-затпен, дүниемен де байланысты, бірақ дүни-ені, ондағы адамдардың: Хаким, Алым, Қадир, Кәрім бірінің қол астында екеніне сенбе-гендіктен, яғни кездейсоқтық, табиғи құбы-лыс дегендіктен, дүние мен адамдардың ахуалы оның жанын үнемі жегідей жейді. Өз басының қайғысымен бірге адамзаттың қайғысын да жұтады. Дүниенің зілзәлә, аш-тық, топан, індет, жойылу мен жоқ болу сияқты қүбылыстары оған тым жәбірлеуші, азаптаушы, тас қараңғы әрі қасірет беруші түрінде көрініп, жанын азаптайды.