АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 81
(1-151)

Жағаға шыққаннан кейін: „Сенің халіңе қайран қалдық, еш назар салмадың11, - деді. „Түкке турғысыз, өткиншi, харам ләззаттардің соңы өкініш пей қасірет болғандықтан, керегі жоқ", - дедім.

(Өмірбаянынан)

(Отыз екінші сөздің ушінші тарауы)

ЕКІНШІ НҮКТЕНЩ ЕКІНІНІ БӨЛІМІ

Әхли далалеттің, яғни азғындар тобының өкілі азғындығын неге тірерін білмей сасқалақтап, бір сәт үндемей қалды да, былай деді:

„Менің ойымша, дүниедегі бақытқа, өмірдің рахаты мен өркениетке, техника мен ғылым жетістіктеріне жетудің жолы - ақыретті естен шығарып, Құдайды ұмытып, дүниеге құштар тартып, еркін әрі өзіңе сенімді болу. Сондықтанда көпшілікті шай-танның ықпалымен осы жолға тусірдім, әрі түсірмектемін4<.

Жауап. Біз де жауап ретінде Құран атынан былай дейміз: „Әй, бейшара адам! Ақылға кел! Әхли далалеттің айтқанына қүлақ аспа! Егер тыңдайтын болсаң, зиян шегетінің сон-дай, ойлаудың өзі төбе шашты тік турғызады. Сенің алдында екі жол бар;

Бірі: Әхли далалеттің өкілі айтқан қауіпті жол,

Бірі: Қасиетті Құран сілтеген бақытты жол. Бүл жолдардың теңеулерін „Сөздер" атты, әсіресе, „Қысқа сөздер11 атты еңбектерімнен көріп, әрі түсінген шығарсың. Енді орайы келген соң, мыңдаған теңеуден біреуін баяндап берейін. Назарыңды сал, қүлақ тур:

Ширк пен далалеттің, пасықтық пен азғындықтың жолы адам баласын әбден азды-рып жібереді. Шексіз мұңға салып, өте ауыр жүкті әлсіз де қылдай мойынға жүктейді.

Дыбыс жоқ