АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 78
(1-151)

(Бул хат өте маңызды)

Әзиз, сыздық бауырларым!

Соңғы күндері Қүран-ы Хакимнің наза-рындағы иманнан кейінгі ең негізгі мәселе тақуалық пен салих амалдардың негіздері жайлы көп ойландым.

Тақуалық: Шариғаттың тыйым салған нәрселері мен күнәлардан аулақ болу.

Салих амалдар: Аллаһтың әмір еткен істерін орындау мен игілік жасау.

Қашанда шерлі нәрседен қашу пайдалы нәрсеге үмтылудан үстем. Сондықтан мына астаң-кестең ойрандау, бүзу етек алған әуесқойлық заманда тақуалық болып табыла-тын мүндай шерлерден сақтану, ауыр күнәларды тәрк ету негізгі мәселе болып, ал-дыңғы қатарға шығып отыр.

Қазіргі таңда бүзу мен келеңсіз көріністер етек алғандықтан, тақуалық осы бүзықтықтарға қарсы түратын өте күшті қалқан, Парыздарды орындап, ауыр күнәларды істемеген адам өзін жәһаннамнан аман алып қалады. Ауыр күнәлар кез келген жерде жасалып, азғындаған мына заманда са-лих амалдарды ықыласпен жасау өте сирек.

һәм осындай ауыр шарттар ішінде жа-салған салих амалдардың сауабы арта түседі. Тақуалықта бірқатар салих амалдар бар. Өйткені: харамнан қашып алыс тұру - уәжиб. Бір уәжибті орындау, көптеген сүннет-терді орындаумен бірдей. Мына замандағы мыңдаған харамдардың ортасында аз ғана амал жасап, жүздеген харамдардан қашу арқылы жүздеген уәжиб орындайды. Бұл маңызды мәселе тақуалық ниетімен, харам-дардан қашу мақсатымен жасалғанда ғана са-лих амал болып есептеледі.

Дыбыс жоқ