Асыра сілтеп, тіпті, өтірік айтып, жалғандықпен нәпсісін мадақтап, ақтап отырады. Бейне бір қателік атаулыдан ададай қасиеттеп жібереді.Содан да істеген ісіне қарай 53 аятының ауыр жазасын тартады. Ақырында да көкіректігімен жақсы көрінбекші әдеті, керісінше, оны жеккөрінішті етіп, жағымсыз атанады.
Сондай-ақ ақыретке тиіс істері ықылассыз болып, екіжүзділік басталады, Істің соңын көрмейтін, неге апаратынын ойламайтын, дайын ләззатқа қүмар сезім мен нәпсіқүмар-лыққа жеңіліп, бір сағаттық ләззат үшін бір жыл абақтыда жатады. Бір минуттық кеудем-соқтық немесе кек алу салдарынан он жыл ауыр жаза шегеді. Сабағы болған „Амме" па-расын бір түйір кәмпитке сатып жіберген әуесқой бала сияқты рахатқа батып, нәпсісін қандыру үшін алмас қүндылығындай игі істерін тукке тұрғысыз шыны тәріздес ләззат пен менмендікке жүмсап, ұтатын жерде шығынға ұшырайды.
("Меснеуи Нурие" атты кітаптан)
Біл, әй, қадірлі дос! Қараңғы түн секілді жастық шағымда көзім жүмулы үйқыда едім. Тек қарттық келіп, таң атқанда ғана ояндым, - деп келетін
өлеңін қызу қуаттаймын. Неге десеңіз, мен де жас кезімде кәмелетке жеттім, шыңға шықтым деп ойлайтынмын. Енді қазір ойла-сам, ол кездегі кемелдену кемелдену емес екен. Оны терең ұйқыға кіру деуге болады.