(Мектубат жинагынан)
Бесінші мәселе. Дүние шіркін фәни ғой. Өмір де қысқа. Әрі атқаратын істер де көп. Мәңгі өмірге қол жету мәселесі осы жерде шешіледі. Әрі мына „тіршілік" атты қонақжай иесіз бостан емес. Оның өте дана әрі аса қамқор үйымдастырушысы, Мүдеббирі бар. Оның үстіне дүниедегі игілік пен жамаидық екеуі де ескерусіз қалмайтын болады. Сондай-ақ,
қағидасынша, шамадан тыс ауыр жүк арқалау жоқ. Әрі тиімді жол зарарлы жолдан үстем. Әлдеқайда артық. Және дүниелік атақ пен даңқ, доожарандар қабір аузына дейін ғана.
Олай болса кім бақытты деген сұраққа: „Дүние деп ақыретін әсте ұмытпаған, ақыретін дүние қызығына пида етпеген, шексіз өмірін дүниелік өмір үшін зақымдамай, түкке тұрғысыз нәрселермен өмірін босқа өткізбеген әрі өзін қонақпын деп, қонақжай иесінің айтқанын істеп, аман-дықпен қабір есігін қағып, мәңгілік бақыт әлеміне сапар шеккен кісі", - деп жауап береміз.
Сауал:
Мына сөз хадис пе? Мүраты не?
Жауап: Хадис деп естідім. Ондағы мақсаты мынау; Қайырымды жас кім десеңдер? Олар - албырттыққа салынбай, қарт кісздей өлімді ойлап, ақыретке байсалды турде еңбектен-гендер әрі қапы қалмағандар. Нашар қарттар болса: олар - жастарға еліктеп, немқурайлы-лыққа, әуестікке салынып, жас баладай нәпсінің айтқанынан шыға алмағандар.