АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 70
(1-151)

Сосын ол ардақты Пайғамбарымызға үндеп, былай деді:

„Әй, Мұхаммед! Сенімен ғасырлас бола ал-мағаным өкінішті-ақ. Адамзат сен сияқты ерекше, әсем де керемет, дана қүдіретті жалғыз рет-ақ көрдіг бұдан соң көре алмас. Сондықтан сенің құзырыңа аса құрметпен бас иемін."

Бисмарк.

деп қолтаңбасын қойған екен.(1) Онда бұзы-лып, көп өзгеріске ұшыраған сәмәуи кітапты артықтау әшкерелегені үшін кейбір сөйлем-дер жазылмағаны жөн деп, мен де оның он тоғызыншы ғасырдың ең ақылды үлкен философыг саясаткері әрі қоғамның маңызды тұлғасы болғандықтан, сондай-ақ Ислам әлемінің бостандыққа аз да болса қолы жетуі және шет елдер Құранның ақиқатын іздестіруі, батыс пен солтустік батыста Құранға деген қызығушылық пайда болуы һәм Американың дарынды танымал филосо-фы Мистер Карлайл де Бисмарк сияқты, ол да былай дейді:

(1) Ахметтің хатында жазганындай, ол жазба осы хатымен бірге „Шыраққа" жазылуы мүмкін.

Рисалә-и Нүрдың арабша „Ишарат-үл ижаз" атты тәпсірі отыз жыл бүрын оның осы қүнды да шыншыл ойына ишарат еткен.

„Басқа кітаптар, қай жағынан болсын Құранға жете алмайды. Міне сөз деп соны айтады. Оны тыңдаған жөн", - деп толық шешім қабылдауы(1), сонымен қатар Нұр шығармасының жан-жақты баса көрсетуі, кеңінен таралуы үлкен жақсылықтың бастамасы.

Демек, шет елдерде көптеген Бисмарк пен Мистер Карллайл сияқты шындыққа жаны қүмарлар шығатын болды. Оның белгілері де жоқ емес. Бұл хабарды Нұршыларға мере-келік сыйлық ретінде Бисмарктың жазбасы-мен қосып жіберіп отырмыз. Жалпыға сәлем...

Бауырыцыз Саид Нурси.


Дыбыс жоқ