АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 68
(1-151)

Қабірге күлімдеп кіремін, сен сияқты үрікпеймін.

Оны аждаһа ауызыг үрейлі орын, жойылу деп көрмеймін.

Мені жақындарыма қауыштыратын қабірден суып, сен сияқты ренжімеймін.

Ол - рахмет есігі, нұр есігі, хақ есігіг оған ренжімеймін, кері де қайтпаймын.

„Бисмиллаһ11 деп есігін қағам (1), сыртыма жалтақтап, үрейленбеймін.

„Әлхамдулиллаһ" деп, рахаттана жатып аламын, қиындық пен қорқыныш сезбеймін.

„Аллаһу Әкбар" деп, хашир азанын есітіп, түрамын(2), Үлы маһшерден кері қалып, Үлы мешіттен тысқары қалмаймын.

Қүдай жарылқап, Құранның нуры мен Иманның фәйізінің саясында мұңаймаймын.

Дем алмастан жүгіремін, Рахман ғарышының саясына үшатын боламын, сен сияқты саспаймын. Иншәллаһ.

(1) „Қап", - деп өкінбеймін.

(2) Исрафилдың азан дауысын хашир таңында естіп, „Аллаһу Әкбар" деп түрегелемін, Үлы намаздан кеш қалмаймын, Үлы жиналыстан тыс қалмаймын.

Дыбыс жоқ