АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 73
(1-151)

Сен менің бас жағыма хикметті сөз деп асып қойған тақтаны көрген шығарсың. Ол жазбаның тура мағынасы төмендегідей. Мен оны оқып, әрдайым дәріс аламын.

„Дос қаласаң, Аллаһ бар, сөл жетеді." Иә, Аллаһ дос болса, барлық нәрсе де дос.

„Сүйікті жан керек болса, Қүран жетеді11. Рас, Құрандағы пайғамбарлармен, періште-лермен ойша жүздесіп, бастан кешкендерін тамашалап, достық құруға болады.

„Байлық керек болса, қанағат ет, сол же-теді." Рас, қанағат еткен үнемшіл болады. Үнемшіл адам береке табады.

„Жау іздесең, нәпсі жеткілікті." Иә, өзін жақсы көрген адам басына бәле тілёп алады. Азап шегеді. Өзін ұнатпаған адамның, көңілі жай, мейірімге бөленеді.

„Насихат керек болса, өлім жетеді.11 Рас, өлімді ойлаған адам дүниеқоңыздықтан құты-лады. Сөйтіп, ақыретіне байсалды еңбек ететін болады.

("Лемалар" жинағынан)

Бесінші шипа: Әй, ауруға шалдыққан науқас! Менің ойымша, осы күні кей-біреулердің сырқаттанып қалуы - Аллаһ-тың бір ихсаны, Рахманның сыйы. Сегіз-тоғыз жыл болды, лайық болмаса да науқас жастар дуғамды әрі батамды алуға келетін болды. Байқаймын, науқас жастар басқа жас-тарға қарғанда, ақыретін ойлап, байсалды ке-леді... Жастықтың мастығы жоқ. Қацы қалып, хайуанға тән әуестіктен біршама аулақ тұра-тын сияқты. Мен де оларға қарап, негізінде шыдауға болатын сырқаттарының илахи их-сан, Қүдайдың бергені екенін ескертіп, жасгарға былай дейтінмін: „Достым, ауруыңның ^намсыз жағын көре алмай тұрмын. Дүға этейін десем, саған жаным ашып тұрған жоқ, Науқастық әбден көзіңді ашқанша, сабыр :ақта, науқастық міндетін аяқтаған соң, Аллаһу Гағала иншаллаһ шипа беріп, тәуір боласың.

Дыбыс жоқ