АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 76
(1-151)

Сондықтан мәдениетшілердің көкірек керіп кемелдену, өркендеу деп жар салып жүрген-дері - менің сол жастық шағымдағы кемел-дену сияқты бір бүлыңғыр нәрсе. Оларды мынаған ұқсатамын: Түсінде оянған болып, көрген тусін халыққа әңгімелейтін найм, яғни ұйқыдағы адам. Алайда түсіндегі оның оянуы болса жеңіл үйқыдан терең ұйқыға кіріскеніне ишарат. Мүндай ұйқы өлі кісімен бірдей. Шала үйқыдағы адам адамдарды қайтіп жөнге салады?

Әй, ұйқыда жүріп өздерін ояу санайтын-дар! Діни істерге келгенде селқос болып, мәденилерге еліктеп, жақындамаңдар. Неге десеңдер, арамызда өте терең сай бар. Өткел жасап байланыс қүру мүмкін емес. Сендер оларға еріп кетесіңдер немесе азғындыққа түсіп адасасыңдар.

(Меснеуи Нуриеден)

Үшінші ишарат: Әй адам, Фатыр-ы Хаким сенің бойыңа берген таңқаларлық жағдай кейде дүниеге сыймай кетесің. Зынданда та-мағы қылғынып қалған адамдай „оф, оф" деп, дүниеден әлдеқайда кең бір жер іздеп тұрғанда, құйтақандай бір шаруа, бір ес-телікпен, бір сәтте тынышталасың. Алып дүниеге сыймаған әлгі көңіл, әлгі пікір құйтақандай алаңға жерленеді. Тым кушті сезіміңмен әлгі сәтте сол бір естеліктен шыға алмай, шыркөбелек боласың.

Әйг адам! Фатыр-ы Хаким сенің бойыңа осындай күш берген. һәм сенің бойыңа мағынауи жиһаздар, сезімдер берілгені сон-дай, кейбірі дүниені жұтса да, тойдым де-мейді, Ал кейбірі зәрредей бір нәрсеге қақалып қалады. Бес батпан жүк көтеріп, көздің бір қылға күші жетпегені сияқты, әлгі сезім аз ғана соққыға қапы қалып, селқостық пен азғындықтан пайда болған сәл күйзеліске шыдай алмайды.

Дыбыс жоқ