Тіпті, кейде өшіп, сөніп қалады. Олай болса, абайла! Аяғыңды мұқият бас, батып кетуден қорық! Бір жұтым, бір ауыз сөз, бір түйір, бір жарық, бір ишаратқа, бір сүймекке берілме! Дүниені жұтып қоятын сезімдеріңді ондай жерге жұмсап, өлтірме! Өйткені дүниеде кішігірім нәрселер бар, тым үлкен нәрселерді бір жақтан жұтып қояды. Мәселен, кішкене шыны паршаның жүзіне аспан жұлдыздарымен бірге тусіп, батып ке-теді. Иненің ұшындай жадыңда амал дәптеріңнің көптеген парақтары, өмір жолдарыңның көбісі сақталатыны сияқты, тым үсақ, кішкентай нәрселер бар, бір жақтан ол тым үлкен нәрселерді де қойнына алады.
(Қастамону лахикасынан)
Рисалә-и Нұр шәкірттерінен бір жас қари көп адамдардың аузынан естігенімдей, „Мен-де ұмытшақтық кеселі арта тусуде. Не істеуім керек", - деді. „Мүмкіндігінше харам нәрселерге қарамауға тырыс", - дедім. Имам-ы Шәфидің (р.а) айтқанындай, „Харам нәрселерге қарау адамды умытшақ қылады". Иә, мүсылмандар, харамға назар салу көбей-ген сайын, нәпсіқүмарлық арта туседі. Ағзаны бұрыс жерге қолдану салдарынан ысырап пайда болады. Аптада бірнеше рет ғусыл алуға мәжбүр болады. Бүл да медициналық тұрғыдан есте сақтау қабілетін азайтады.
Бұл ғасырдағы әдепсіздіктің кесірінен, әсіресе, экваторға жақын өлкелерде ұмыт-шақтық дерті көбеюде. Көп адамдар осы дерттен қүтылудың жолын іздеуде.
„Ақырзаманда Қүран қарилердің көкірегі-нен шығып, ұмытылатын болады", - деген киелі хадис бар. Демек, бүл дерт өрши түседі, Қүранның жатталуына кедергі жасап, ха-дистің айтқаны болады.