АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 79
(1-151)

Рисалә-и Нұр шәкірттерінің мына заман-дағы ең басты міндеттері - күнәлар мен жөнсіздіктерге қарсы тақуа болу. Бір минутта мыңдаған күнәлар жасалып жатқан қазіргідей ортада адамдар жүздеген кунәлар-мен қарсыласуда. Әлбетте, тақуалық арқылы харамнан қашу ниетімен жуздеген салих амалдар жасауға болады.

Бір-ақ күнде тас-талқанын шығарған бір адамның сарайын жиырма адам жиырма күнде қалпына келтіре алмайтыны белгілі.

Бір адамның бүзғандарын қалпына келтіру үшін, жиырма адам керек болса, бүгінгі таңда мыңдаған орта бүзушыларға қарсы Рисалә-и Нұр секілді бір ғана жөндеушінің ерліктері таң қалдырардай.

Егер қарама-қарсы күш саны жағынан тең болғанда, жөндеушінің кереметі сонда көрінер еді.

Қоғам өмірінің ең маңызды негіздері - мейірім мен сыйластық қатты сарқылды. Кей жерлерде құрметке мұқтаж бейшара қарттар мен әжелерімізге бұл жағдай қиынға соғуда.

Аллаһқа Іыүкір, Рисалә-и Нүр осы бір қорқынышты апатқа қарсы тұрып, жөнге келтіру жолында табыстарға жетуде.

Зұлқарнайын қорғанының жығылуымен Ежуш-Мәжуш қауымының дүниені жайлап, зұлымдық орнатқаны сияқты, Құранның қамалындай болған Мұхаммедтің (С.Ғ.С.) ша-риғатының зақымдалуынан адам өмірі мен абыройына қастандық цен дінсіздік Ежуш-Мәжуштен де бетер зүлымдық жасауда.

Осы жағдайларға қарсы Рисалә-и Нүр шәкірттерінің рухани жихадтары Сахабалар заманындағы секілді аз амал істеп, көп сауап алып, салих амалдар жасауына дәнекер болады.

Әзиз бауырларым, осындай бір заманда апатты жағдайларға қарсы ықылас қуатынан кейінгі ең үлкен күшіміз - „иштирак-ы амал-и ухреви" дәстүрі. Қаламдарымен екіншісінің салих амал дәптеріне игі сауаптар жазатыны сияқты, тілдерімен де басқалардың тақуалық қорғанына көмек жіберу.

Дыбыс жоқ