Алайда мұндай күй кешкен адамға жан ашып, мейірімділік етуге болмайды, оған ол лайық емес. Өйткені ол мүндай күйді өзі тілеп алды. Сегізінші сөзде екі ағайынды жігіттің кешкен күйлерін теңеуде былай делінген бо-латын.
Мәселен, бір адам миуалы сұлу бауда кере-мет бай дастарқан үстінде, сүйікті ағайындар ортасында орынды да тәттіг әсем, тамаша ләззәт пен көңіл көтеруді місе тұтпай, орын-сыз, әрі жағымсыз ләззәт үшін нашар нәжіс бір шарапты ішіп алып, мас болса, сөйтіп өзін ызғарлы қыс ортасында, тіпті, орманда айуан-дармен бірге жүрмін деп, қызыл кеңірдек боп айқайлап шуласа, әрине, өзінің мейірімге лайық еместігін көрсетеді. Себебі абыройлы да қадірлі жолдастарын жануарға теңеп, олар-дың намысына тиеді һәм дастарқандағы тәтті тағамдарды, таза ыдыстарды лас тастарға теңеп, сындыра бастайды. Отырыстағы құнды кггаптарды, тартымды да терең мағыналы хаттарды қарапайым, түкке турғысыз ою-өрнек деп жыртып, аяғымен таптай бастайды. Мұндай адам мейірімге бөленуге емес, жаза-лануға лайық. Сол сияқты жағымсыз іс-әрекеттен туындайтын күпірлік мастығымен және далалет бассыздығымен Сани-ы Ха-кимнің мына „дүние" атты қонақжайын кез-дейсоқтық пен табиғат туындысы деп, ал ондағы заман ағынымен үнемі ескіріп, міндеттерін аяқтап, жаңарып отырған Илаһи туындыларды, яғни Аллаһтың есімдерінің шағылыстарын жойылып, құрдымға кетті деп, ал олардың тәсбих еткен дыбыстарын қоштасу мен мәңгіге айырылысудың жоқтауы деп ойлағандықтан, сондай-ақ Самеданий хаттар болып табылатын мына болмыс атау-лыны мағынасыз, астан-кестен деп тусініп әрі мейірімділік толы әлемге бастайтын қабір есігін жойылу түнегінің есігі деп, ал нақты сүйіктілерге қауышу болып табылатын ажал-ды болса да қоштасу сәті деп есептегендіктен, һәм өзін, һәм болмыс атаулыны қайғылы күйде көреді.