Аллаһу Тағаланың есімдерін һәм хаттарын қадірін тусіріп қорлағандықтан, мейірім мен жанашырлықтан тысқары қалып қана қоймай, төзгісіз азап шегуге лайық ата-нады. Ондай адамға ешқандай түрде де қайырымдылық жасауға болмайды.
Міне, әй байғус ахли далалет пен азғындар! Мына аталған қорқынышты құлдырау мен жанды күйзелтетін үмітсіздікті қайсыбір өркениеттеріңмен, қайсыбір ғылымдарың-мен, қайсыбір жетістіктеріңменг қайсыбір мәдениеттеріңмен, қайсыбір табыстарыңмен өтейсіңдер немесе тоқтатасыңдар? Адам жа-нының өте құмар, аса мұқтаж, шынайы деме ушісін басқа қай жерден табамын дейсіңдер? Арқа сүйеп сеніп жүрген, тіпті, Илахи туын-дыларды, Раббани жарылқауларды еншілеп берген қайсыбір табиғатың, қайсыбір себеп-терің, қайсыбір шериктерің, қайсыбір жаңалықтарың, қайсыбір зат пен қайсыбір жалған жаратушыларың өздері мәңгілік жоқ болу деп ойлайтын ажалдан алып қалады? Өлген соң қабірден, берзахтан, махшардан, қыл көпірден емін-еркін өткізіп, аман-сау мәңгі бақыт әлеміне жетектеп, бақытқа бөлейді?
Алайда, сендер қабірден қашып құтыла ал-мағандарың үшін де бұл жолдың күмәнсіз жо-лаушысы болып табыласыңдар. Әрине, мұндай күйдегі бір жолаушы әлгі ұшы-қиырсыз аудандар мен шексіз жайылып жатқан шекараларды қол астында ұстап, би-леп турған біреуге арқа сүйеуі керек.
һәм, әй сорлы әхли далалет пен қаперсіз бейқамдар! „Орынсыз қолданған махаббат-тың ақыры аяусыз азап шегу" қағидасының сырымен, сендер бойларыңдағы Аллаһу Тағаланың өзіне, сыпаты мен есімдеріне ар-налған махаббатты, сауаттылық қабілетті, шүкір ететін, құлшылық ететін мүшелерді нәпсілеріңе, дүниеге заңсыз турде жүмсағандықтарыңнан, өте орынды турде жа-засын тартасыңдар. Себебі Аллаһу Тағалаға тиесілі махаббатты нәпсілеріңе бердіндер, Сөйтіп, өліп-өшкен нәпсілеріңнің толассыз қайғысын жүтасыңдар.