Мәселен, бір патшаның тілалғыш қызмет-шісі патшаның елді мекендерін, билік қүрған жерлерін рахат үшақ, кеме, отарба сияқты жедел тасымалдау жолдарын пайдалана отырып кезетіні сияқты, Әзел-Сұлтанына иман арқылы қол астына кіріп, салійс амал арқылы мойынсұнған адам мын^: дүние қонақжайындағы қилы өткелдердён және берзах пен мақшар әлемінің аудандарынан, сол сияқты қабірден, содан соң барлық әлемдердің кең байтақ ой-қыратынан най-зағай жылдамдығымен өте шығады. Сөйтіп, мәңгі бақытын табады.
Міне, аталған ақиқатты толық дәлелдеп бе-реді. Әрі асфия мен әулиелерге көрсетеді. һәм Қүранның ақиқат сөзін жалғап, былай дейді: „Әй, мүмин! Бойыңдағы шексіз сүйіспеншілік қабілетіңді жаман әрі нұқсан келтіретін шерлі де зиянкес жүгенсіз нәпсіңе берме! Оған ынтығып, айтқанын істеп, табынушы болма! Әуестікке салынба! Оны Құдайдай көрме! Қайта сол шексіз махаббат қабілетіңді, шексіз махаббатқа лайық шексіз жарылқай алатын, болашақта сені бақытқа бөлейтін, қарым-қатынаста болыц, қайғысы мен қуанышыңа ортақ болған адамдарды ихсанда-рымен шаттыққа жеткізетін, сондай-ақ шексіз кемелдік иесі, тым қасиетті де киелі, нұқсандық атаулыдан ада, кемшіліксіз, мінсіз, бітпес жәмал иесі әрі барлық атаулары мен есімдері аса керемет сүлу, сондай-ақ әр есімі көріктіліктің нұрына толы, көріктілердің көріктісі, теңдесі жоқ сүлу, Жәннат барлық жақсы жақтарымен, нығметтерімен оның мейірімділік сымбатын, аса қамқор әсемдігін көрсететін және бүкіл әлемдегі көз тартар •барлық сүлулықтар мен әсемдіктер, көріктер мен қиялдар Оның жәмалына, кәмалына сым-баты мен әдемілігін меңзеген әрі дәлелдері болып табылатын біреуді өзіңе Махбуб әрі Мағбуд, яғни жансүйер әрі Табынушы деп біл!
Әй адам! Оның есімдері мен сипаттарына тиесіл^ сүю қабілетінді басқа фәни болмыс-тарға ферме! Пайдасы жоқ мақүлықтарға шашпа! Себебі: туындылар мен мақұлықтар фәни болып табылады. Алайда сол туындылар мен мақүлықтар үстінде нақыштары, сәулелері көрініп турған Есма-и Хусна, яғни әсем есімдер, мәңгілік әрі шексіз.