Осы сырдан барып: Әхли-иман дүниеден көшкен-дег аспан мен жер бейне бір жылап тұрғандай жабырқау күй кешеді.
Маңызды бір сұрақ. Махаббат пен сүйіспеншілік қолымда турған нәрсе емес. Жаратылысымнан мүқтаждығым бар тәтті тағамдар мен жемістерді жақсы көремін. Ата-анам мен балаларымды сүйемін. Өмірлік жол-дасымды сүйемін. Қимас достарды сүйемін. Пайғамбарлар мен әулиелерге сүйіспеншілігім бар. Өмірді, жастық шақты сүйемін. Көктемнің сүлулығы мен дүниені сүйемін. Бұларды қалай сүймеске? Бұл махаббаттар-дың барлығын Аллаһтың сыпаттары мен есімдбріне беру дегеніміз не? Бүл қалай болғанйі?
Жауаи: „Төрт нүктеге" құлақ сал.
Бірінші нүкте. Иә, махаббат қолда тұрған нәрсе емес. Бірақ махаббатты екінші бір сүйіктіге бұру өз қолыңда, Мәселен, сүйіктіңнің кемшіліктерін көру немесе шын сүюге лайық болған басқасын ұнату арқылы.
Екінші нүкте. Жоғарыдағы айтқан сүйіктілерді „сүйме" демейміз. Оларды Аллаһ үшін Аллаһқа деген махаббатың арқылы сүюдің орны басқа. Мысал үшін, тәтті тағамдар мен жемістерді Жәнаб-ы Хақтың нығметі деп білу - Аллаһтың „рахман", „мү’мин" есімдерін сүю деген сөз, Мүндай ма-хаббат тек қана нәпсі үшін емес, Аллаһ үшін екендігін көрсететін нәрсе - рұқсат еткен мөлшердегі адал еңбегің, қанағаттылық пен шүкір. Әрі ата-анаға деген махаббатың және олардың саған деген мейірімі, сені аялап асы-рап өсіруі Аллаһқа деген махаббаттан бастау алуда. Бұл сүйіспеншіліктің Аллаһ үшін болғандығына дәлел: олардың қартайған шағында, саған ешқандай да пайдасы қалмаған кезде, тіпті, сенің қолыңа қарап қалған күндерінде оларға деген қүрметіңнің арта түсуінде.