Ал-ланың „Хақ11, „Рахман", „Реззақ", „Рахим", „Керім11 есімдерін таны.
Таңқаларлықтай тәртіппен, жан-жақты өлшемдермен жасалған бүл істерге басқа біреудің араласа алуы мүмкін бе? Осындай өнер мен Рубубиетке Уахид-Ахад, Хакім-и Мутлақ, Қадир-и Кулли Шейден басқа кім қол сүға алады?
Төртінші нүкте. „Менің тағамдарға, жаны-ма, өмірлік жарыма, ата-анама, балаларыма, жақындарыма, пайғамбарлар мен әулиелерге, көктем мен дүниеге деген махаббатым мен сүйіспеншілігім Қүранның әмір еткеніндей болса, қандай нәтиже береді. Не пайдасы бар?"
Жауап: Барлық нәтижелерді баяндап шығу үшін, том-том кітап жазуға тұра келеді. Әзірге қысқаша ғана бір-екі нәтижеге мысал бе-рейін.
Әуелі дүниедегі нақты нәтижелері баянда-лады. Содан кейін ақыретте ортаға шығатын нәтижелері айтылады. Жоғарыда айтылған-дай-ақ, дүние үшін, нәпсінің құлқыны үшін көрсетілген сүйіспеншіліктің бүл дүниенің өзінде пәлекеттері мен өкініштері, машақаты • өте көп. Ләззаты мен рахаты аз.
Аллаһтың атына жасалмағандықтан, ақыретте пайдасыз қалады. Егер харамға кірген болса, азапқа айналады.
Сұрақ: Пайғамбарлар мен Әулиелерге деген сүйіспеншілік қалайша пайдасыз қалады?
Жауап: Христиандардың Хазреті Иса Алейһиссаламға және Рафизилердің Хазреті Алиге (р.а) деген сүйіспеншіліктерінің пайда-сыз қалғаны секілді.
Егер ол махаббат пен сүйіспеншілік, Қүран-ның үйреткеніндей, Жәнаб-ы Хақтың есебіне, „Рахман" атына болса, онда һәм бұл дүниеде, һәм ақыретте жақсы нәтижелері бар.
Бұл дүниеде тәтті тағамдарға, жемістерге деген сүйіспеншілігің нығметтерге шүкір болғандықтан, уайымсыз ләззат аласың.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى