АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 99
(1-151)

Себебі: ол тамаша туындылар Аллаһтың сүлу да әдемі істеріне назар аудартады. Ол жерден Аллаһтың есімдерінің сұлулығына, Аллаһтың сыпаттарының әдемілігіне, ол жерден де Зат-ы Зүлжәлалдың Жәмалына қарсы жүрегіңізге жол ашады.

Міне, махаббат осындай болғанда ғана ләззатты әрі ғибадет һәм толғану болып табы-лады. Жастық шаққа махаббат: Жәнаб-ы Хақтың нығметі ретінде көрсең, жастық шақтың күшін, әлбетте, құлшылыққа, ғибадатқа жұмсайсың. Бостан-босқа өлтірмейсің. Олай болса: Жастық шақта жа-саған қүлшылық - жастық шақтың мәңгілік жемістері. Жасың ұлғайған сайын мәңгілік жемістерді қолыңда үстап, жастық шақтың буынан, зияндарынан қүтыласың. Қартайған сайын қүлшылық ғибадеттерді көбейтіп, Ал-лаһтың мейіріміне жақындай түскеніңді ойлайсың. Қапы қалғандар секілді бес-он жылдық жастық шақтың ләззатына қарсы қартайған шағында: „Ойбай, жастық шағымыз, кетті!" - деп, байбалам салып жы-ламайсың. Осындайлардың біреуі:

яғни: мШіркін-ай, жастық шағым бір күн қайта айналып келсе ғой, Кәріліктің басыма қаншалықты қиын халдер әкелгендігі жайлы шағым айтар едім11 деген екен.

Көктемге деген махаббат: Аллаһтың өнеріне деген сүйіспеншіліктен бастау алғандықтан, көктем кеткенімен, оны тама-шалаудың ләззаты қалады. Себебі: көктем хат тәрізді оюлы жазу, мағыналарын әр уақыт та-машалауға болады. Сенің қиялың мен уақытың екеуі де кинолардың таспасы секілді саған көктемнің мағыналарын, сулулығын әр уақыт жаңадан қайталап отырады. Сон-дықтан сүйіспеншілік ләззаты сапалы болады.

Дыбыс жоқ