АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 102
(1-151)

деген ашық аяттарымен түсіндіріп, көрсетіп, ишараттап бергендіктен, толық бекітілген, одан басқа айғақ ұсынып баяндаудың реті жоқ. Оның үстіне басқа „Сөздерде" әрі жүмақ жайында жазылған Жиырма сегізінші Сөздің арабша бөлімінің екі мақамында, сон-дай-ақ Жиырма тоғызыншы сөзде көптеген айғақтар баяндалған болатын. Бірінші ишарат. Тәтті тағамдар мен тіл үйіретін жемістерге деген шүкіршілік сарп етілген орынды махаббаттың ақыреттегі нәтижесі, Құранда айтылғандай, дәмді тағамдар мен әдемі жемістер болып жәннатқа лайық бір турде берілетін болады. Сол тағамдар мен жемістерге ынтыға құмарту, тіпті, дүниеде жеміс жер кезде айтылған „Әлхамдулиллаһ11 сөзі жәннат жемісі түрінде денеге айналып, қайтадан саған ұсынылатын болады. Мұнда жеміс жейсің, онда „Әлхамдуллаһ" жейсің. Әрі берілген нығметтерді, тағамдарды Аллаһтың жа-рылқауы, Рахманның ілтипаты деп білгендіктен, . сол ләззаты мол мағынауи шүкір, жәннатта өте тіл үйіретін дәмді тағам турінде саған берілетіні Хадис болсын, Құран-ның ишаратымен болсын, хикмет пен рах-метінің талабы болсын - анық.

Екінші ишарат. Дүниедегі жаныңа деген орынды түрдегі махаббаттың нәтижесі, оның әдемілігі емес, қайта нүқсандықтарын көріп, жанашырлықпен оның кемшілігін жоюға, тәрбиелеуге, жақсылыққа бағыттаудың нәтижесі; сол жанға сай хош нәрселер жәннатта берілетін болады,

Нәпсі дүниеде әуестік пен қумарлығын Құдай жолында дұрыс қолданған екен әрі жиһаздар мен сезімдерін тиімді түрде пайда-ланған екен, олай болса, Кәрім-і Мутлақ оған дүниедегі орынды әрі қулшылық ету жолында сарп етілген махаббаттың нәтижесі ретінде Жәннатта, жәннаттың жетпіс түрлі әдемілік пен нәзіктіктің өрнектері болып табылатын жетпіс алуан көйлек кигізіп, нәпсінің барлық құмарлықтарын қандыратын, көңілін көншітетін әсемдіктің жетпіс турімен бойын сылап; әр қайсысы тірі, шағын бір жәннат тәрізді хор қыздарын, әлгі мәңгі әлемде бе-ретіні көптеген аяттармен анықталып, дәлелденген,

һәм дүниеде жастық шаққа деген махаб-бат, яғни жастықтың күш-жігерін ғибадатқа сарп етудің нәтижесі - бақыт әлемінде мәңгі бітпес жастық шақ.

Дыбыс жоқ