АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 114
(1-151)

Бесінші сыр: Бір киелі хадисте былай деп айтады: (немесе осыған ұқсас). Бұл хадисті кейбір әхли-тарихат иман негіздеріне қайшы келетін оғаштау түрде тәпсір етіпті. Тіпті, олардың әхли-ғашық бірқатары адамның мағынауи тұлғасына Рахманның суреті деп қараған. Мұндай ғашықтар тобы, көбінесе истиғрақ әрі илтибас, яғни ауыстырып алушылар мен терең ойға шомып кетіп шатастырып жүретіндер, ақиқатқа керағар ойшылдар тусініктерінде бәлкім кешірімді, бірақ ақылы барлар олардың иман негіздеріне қайшы тусініктерін саналы түрде қабылдамауы қажет. Қабылдаса, қателеседі. Иә, бүкіл әлемді бейне бір зәулім сарай, бір үй тәрізді жуйелі турде басқарып отырған және жүлдыздарды молекулалар сияқты хикметті әрі оңай айнал-дырып, сонымен қатар кездіріп, әрі зәррелерді, яғни молекулаларды тілалғыш қызметшілер тәрізді жүмсап отырған Илаһи Зат-ы Ақдестің серігі, теңдесі, қарсыласы, үқсасы болмаған әрі болмайды, сол сияқты аятының сырына сүйене отырып, оның су-реті, жақыны, үлгісі мен өрнегі болуы мүмкін емес. Алайда аятының сырына және тәмсіліне сүйеніп, оның атқарған істеріне, сипатына, есімдеріне қарауға болады. Демек, іс-әрекетіне назар аудару мақсатымен, мысал, өрнек, тәмсіл келтіруге болады.

Енді әлгі киелі хадистің көптеген мақсаттарынан біреуін ғана алайық. Оның мағынасы: Адам Рахман есімін толық көрсе-тетін бейнеде. Рас, жоғарыда баяндалғандайг әлемнің тұлғасында мың бір есімнің шұғылаларынан шашыраған Рахман есімі көрінеді әрі жер жүзінің түлғасында да Илаһи мутлақ Рубубиеттің шексіз көріністерінен ша-шыраған Рахман есімі көрсетіледі.

Дыбыс жоқ