Тәуекел етіп, етпегендердің теңеулерін бір хикая арқылы баяндап берейін.
Бір күні екі адам арқаларына hәм бастарына ауыр жүктер артып, үлкен кемеге мінеді. Біреуі кемеге кірер-кірмес жүгін жерге қойып, үстіне отыра кетеді. Айналаны тамашалап көңілі жәй. Серігі болса ақымақ әрі тәкәббар болғандықтан керек жүгін жерге қоймай арқалап тұрды. Серігі оған:
- Жүгің ауыр ғой, кемеге қойып дем алсаңшы! - деп еді, ол:
- Жоқ болмайды. Мұны көтере алмайтындай маған не болыпты, тәйірі. Әрі жоғалып кетсе қайтемін, - деп жауап берді. Оған жаны ашығандар тағы да: "Бәрімізді көтеріп тұрған патшаның мына кемесі өте қуатты да сенімді әрі жақсы сақтайды. Бүйте берсең басың айналып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетесің. Уақыт өткенсайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмайды. Кеменің қожайыны сенің мына түріңці көрсе, "алжасқан есуас неме, кемемнің сенімді екеніне күмәнданып тұр-ау. Мазақ қылуын қарашы, өзінің" деп қамап тастауы мүмкін. Һәм, баршаға күлкі боласың. Себебі, әлсіздігіңді көрсететін тәкәппәрлығың, бейшаралығыңды білдіретін көкіректігің, екі жүзділік пен мүсәпірлігіңді көрсететін жасанды іс-әрекеттеріңді көрген жұрт әжуәләп күліп жатыр" дегеннен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін қойып үстіне отырды да:
- Уф, Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болудан құтқардың -деп, серігіне алғысын білдірді.