АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 128
(1-151)

Сондай-ақ, Ай мен Күнніңтүгылулары күсүфжәне хүсүф деген намаздардың уақыттары, яғни бұл аталған екі құлшылық сол уақыттарға ғана тән. Себебі ол кезде түн мен күннің жарқын айғағы Ай мен Күн перделенеді де, Аллаhтың орасандығын жар салатын болғандықтан Жәнаб-ы Хақ құлшылықтың осы бір түріне құлдарын дәл осы уақыттарда шақырады. Аталған намаз (ашылуы әрі қанша уақытқа созылуы астрономиялық есеппен белгілі болған) тұтылған Ай мен Күнді ашу үшін емес. Сол сияқты құрғақшылық та жаңбыр намазының уақыты. Басымызға бәле-жаланың немесе қандай да бір қайғының келуі, өзіне тән кейбір дұғалардың уақыттары. Сондай сәттерде адам, өзінің әлсіздігін сезіп дұға арқылы Қадир-ы Мутлақтың алдына тізе бүге жалбарынады. Егер көп дұға еткеннің өзінде бәле-жалалар тыйылмаса "дұға қабыл болмады" демей, оның орнына "дұғаның уақыты бітпеді" деу керек. Егер Жәнаб-ы Хақ жарылқап қайғы-қасірет сейілсе, онда тіпті жақсы. Дұғаның уақыт да біткен болып есептеледі. Демек дұғада құлшылықтың сыры бар.

Құлшылық шын жүректен Құдай үшін жасалады. Құл өзінің әлсіздігін көрсетіп дұға арқылы жалбарынуы тиіс. Аллаhтың ісіне, оның рубубиетіне араласпауы керек, істің сәтті болып, болмауын оның қолында деп, хикметіне сеніп, мейірімділігіне кінә артпауы керек.

Сонымен күллі аяттардың баяндамасынан шығатын қорытынды мынау: жаратылыс атаулының өзіне тән тәсбихтері, құлшылықтары, өздеріне тән жасайтын сәжделері бар. Міне, бұлар олардың Аллаhқа деген дұғалары.

Дыбыс жоқ