Дұғалардың да түрлері бар. Бірі, бейімділік тілімен (өсімдіктер атаулы мен жануарлардың дұғалары сияқты, олар әрқайсысы бейімділігіне қарай Фәияз-ы Мутлақтан тур талап етеді. Аллаhтың есімдеріне бөленуді қалайды), бірі, мұқтаждықтілімен (жан-жануарлардың шамалары жетпейтін қажет-тілектеріне қол жеткізу үшін, мәжбүр болып жасаған дұғалары. Әрқайсысы бойындағы мұқтаждық тілімен Жәууад-ы Мутлақтан тіршілік етулері үшін азық секілді кейбір қажеттіліктерін талап етеді), бірі, шарасыздық тілімен дұға (қиын-қыстауда әрбір мақұлық, сиынудан басқа шарасы қалмағандағы дұғасы. Әйтеуір бір қамқоршыға жалбарынады яғни Рабб-ы Рахимін іздейді). Жоғарыда аталған үш түрлі дұға, қандайда бір - кедергі болмаса - әрқашан қабыл болады.
Тағы бір дұғаның түрі - кәдуілгі біздің дұғамыз. Бұл дұға да екі түрге бөлінеді.
Біріншісі: іс-қимыл, хәл-жағдай арқылы.
Екіншісі: жүрек (көңіл) пен тіл арқылы.
Мәселен, себептерге ұмтылу іс-қимыл арқылы жасалатын дұға. Себептер жиналып нәтижені жасамайды, қайта хәлін білдіре отырып нәтижені Аллаhтан тілеу үшін оны риза қылатын күйге енеді. Тіпті егін егудің өзі мейірімділік қазынасына өтініш жасау. Мұндай іс-әрекетпен жасалған дұға, Жәууад-ы Мутлақтың есім мен атағына бағышталғандықтан басым көпшілігі қабыл болады.
Екінші түрі: жүрек пен тіл арқылы жасалатын дұға. Кейбір қол жетпеген талаптарын айту. Бұл дұғаның маңыздылығы, таптырмайтын мақсаты мен балдай тәтті жемісі мынадай: дұға жасап, тіленуші адам, өзін тыңдайтын біреу бар екенін, ол мұның жүрегінің түкпіріндегіні естіп бәріне шамасы жететінін, барлық талап-тілектерін орындай алатынын, бейшаралығына жаны ашып медет беретінін түсінеді.