АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 131
(1-151)

Бірінші нүкте:

Адам баласы бүкіл әлеммен өзара тығыз байланысты, әрі көптеген нәрселерге мұқтаж. Мұқтаждықтары әлемді қаптап, талап-тілектері ұшан-теңіз. Жаны гүлді қалағаны сияқты, көктемнің келуін де қалайды. Бақшаны аңсағаны сияқты, мәңгілік жәннәтті де аңсайды. Досын көруге құштар болғаны сияқты Жәмил-і Зүлжәләлді де көруге құмар-ақ. Басқа жерде тұратын сүйіктісін сағынып, есігін қаққысы келетіні сияқты, қабір әлеміне аттанған жүзден тоқсан тоғыз туысқандарымен мәңгілікке қоштасқысы келмей, оларға кіріп шығу ниетімен қу дүниенің есігін жауып, баршаның оралатын жері болған ақиреттің есігін ашатын, дүниені бұзып, орнына ахиретті құратын Қадир-ы Мутлақтың алдына жалбарынуға тым мұқтаж-ақ. Міне осындай күйдегі адамның Ма’буды, әлбетте барлық нәрсенің тізгіні қолында, әр нәрсенің қазынасы қасыңсіа, барлығын көруші, барлықжерде болып, мёкенге тәуелсіз, құдіретті күш иесі, кемшілікс/із, нұқсансыз біреу ғана бола алады. Мұндай сипаттарға ие жалғыз Қадир-ы Зүлжәләл, Рахим-ы Зүлжәмал, Хаким-ы Зүлкәмал ғана. Себебі адамзаттың шексіз қажеттіліктерін және мұқтаждықтарын өтеу, тек қана шексіз құдірет пен мұхиттай білім иесіне тән. Олай болса, табыну мен жалбарыну тек соған арналуы тиіс.

Сонымен әй, адам! Егер тек оған ғана құл болсаң, бүкіл жаратылыстың үстіндегі мәртебеге шығасың. Егер құлшылыққа қарсы шығып, одан бас тартсаң әлсіз мақұлықтарға қорланған құл боласың. Менменшілдігіңе, күш-қуатына сеніп, тәуекел мен дұғаны қойып, тәкәббарланып, дауласатын болсаң, онда игілік пен бірдеме жасауға келгенде кәдуілгі ара мен құмырсқадан да дәрменсіз, өрмекші мен шыбыннан да әлсіз боласың. Ал бәлі мен жамандық жасауға келгенде тау мен теңізге жеткізбей, бәрінен асып кетесің.

Дыбыс жоқ