Екінші нүкте:
Адамның екі жағы бар. Біріншісі: менмендік жағы, онымен мына дүниеге қарайды. Екіншісі: құлдық жағы, онымен ахиреттік мәңгі өмірге қарайды. Бірінші жағынан алып қарағанда, бейшара мақұлық. Оның бар таянғаны еркіндік атаулыдан тек тырнақтай ерік және құдіреттен алар сыбағасы шағын бір кәсіп, көзді ашып жұмғанша өте шығатын өмір, көпке шыдамайтын болмыс. Хәлі осындай мүшкіл бола тұра әлемдегі барлық жаратылыспен салыстырғанда өте нәзік, әлсіз дара тұлға.
Екінші жағынан, әсіресе құлдыққа қатысты әлсіздік пен пақырлық жағынан алып қарағанда, алаңы кеңіп зор маңызға ие болады. Өйткені Фатыр-ы Хаким, адамның рухани жаратылысына соңсыз әлсіздік пен шексіз пақырлық жерлестірген. Ондағы мақсаты құдіреті соңсыз Қадир-ы Рахимның, байлығы шексіз, асыл қазына иесі Ғани-ы Кәрімнің соңсыз көркемдігін қамтитын жинақы айна жасау.
Иә, адам бейне бір дән секілді. Дәнге, құдірет тарапынан рухани әрі маңызды жиhаздар және тағдыр тарапынан шағын әрі құнды бағдарлама берілген. Мақсат, соларды пайдаланып жер астында тырбанып, тар әлемнен кең де жарық ауа әлеміне шығу. Жаратқан Иесінен ағаш болуды қалап бейімділік тілімен жалбарыну. Сөйтіп кемелденіп өзіне лайық түрге енеді. Егер дән, өзіне берілген рухани жиhаздарды теріс әрекеттерімен орынсыз жұмсап, жер астындағы зиянкес заттарды жинауға жұмсаса, сол тар жерде пайдаға жарамай шіріп кетеді. Егер дән, манағы рухани жиhаздарды