ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 147
(1-151)
63 Қадиры Мұтлақ - құдiретi жан-жақты және барлық нәрсеге күшi жететiн Аллаh.
64 Қадиры Рахим - барлық нәрсеге құдiретi жететiн, рақымы мол Аллаh.
65 Рахимы Заты Зүлжәлал - өте алып, айбынды да қаhарлы және қамқоршы Аллаh.
66 Хакимы Рахим - соңсыз рақымды және орынды, хикметтi жаратушы Аллаh.
67 Рахмани Рахим - аса қамқор, теңдесi жоқ жан ашыр, мейiрiмi мол Аллаh.
68 Әзәл мен Әбед Сұлтаны - болашақ пен өткен шақтың иесi, бастама мен соңы дегендi бiлмейтiн. Бастауы жоқ және Мәңгiлiк иесi Аллаh.
69 Мүним- ризық берiп, азықтандырып, сый-сыяпатқа бөлеушi Аллаh.
70 Мағнаи харфи-өзiн емес,қайта иесiн, ұстасын, жаратушысын бiлдiретiн, түсiндiретiн мағына жағынан.
71 Мағнаи исми- бiр нәрсенiң тек өзiн танып бiлу. Мәселен, бiр ағаштың көлеңкесi,сыртқы көрiнiсi, бiзге берген жемiсi үшiн қарап, оны жақсы көрсек, мағнаи исми арқылы сүйгенiмiз. Егерде ағашты көрiп, танып, жемiсiн алып, Аллаhтың рақымын танысақ және оған деген сүйiспеншiлiгiмiз бен шүкiрiмiз артса және ағашқа Аллаhтың қошеметi, рақымы деп қарасақ, онда ағашты мағнаи харфи арқылы сүйгенiмiз.
72 Самед- барлық нәрсе өзiне мұқтаж, өзi еш нәрсеге, ешкiмге мұқтаж емес Аллаh.
73 Мүрәбби- тәрбиелеушi, дәрiс берушi Аллаh.
Дыбыс жоқ