ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 146
(1-151)
53 Рәсулi Әкрам - Пайғамбарымыздың бiр сипаты. Өте жомарт, аса қамқор елшi мағынасында.
54 Хайыз - әйелдiң қан көру әдетi. Бұл қан аурудың яки бала туудың салдарынан келмейдi, өз алдына белгiлi уақытта келедi және өзiне тән жалғасу уақыты болады. Ислам осындай жағдайдағы әйелдiң намаз оқуын, ораза тұтуын, жыныстық қатынаста болуын тиым салған, үлкен күнә болып есептеледi.

55 Уахи - бiр пiкiрдiң, бiр шындықтың немесе әмiрдiң Аллаh тарапынан Пайғамбарға аян, түс яки кiтап, яки перiште арқылы бiлдiрiлуi.
56 Изафи әдiлеттiлiк - барлық адамдар үшiн бiр адамның хұқығына мән бермейтiн әдiлеттiлiк түрi. Әдiлеттiлiктiң бiрiншi түрi - махза әдiлеттiлiк деп аталады,яғни нағыз әдiлеттiлiк деген мағынада.
57 Ширк - ауыр күнә болып табылады. Аллаhқа серiк қосу, Оған ортақтас басқаның бар екенiн мойындау. Құдайдан үмiтiн үзiп, басқадан медет күту.
58 Алим - бәрiн бiлетiн, iлiмi соңсыз және шексiз Аллаh.
59 Қадир - барлық нәрсеге күш-құдiретi жететiн Аллаh.
60 Кәрим - асқан жомарт, мол бақ-дәулет иесi Аллаh.
61 Тәсбих - Аллаhтың затында, сипатында, iсiнде барлық қате-кемшiлiктерден ада,пәк және таза екенiн айту.
62 Раббани - нағыз тәрбиешi Аллаhқа тән.
Дыбыс жоқ