ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 143
(1-151)
21 Лұқман Әкiм - Құранда айтылған ұлы кiсiлердiң бiрi. Тәрбие, мiнез-құлық және медицина тұрғысынан насихаттарымен әлемге әйгiлi. Дәуiт (Ғ.С.) Пайғамбардың уақытында өмiр сүргенi айтылады және пайғамбар яки әулие екенi белгiсiз.
22 Ғалейhиссалату уәссәлам - Пайғамбарымызды құттықтау дұға және оған Аллаhтың мейiр-шапағаты, нұры жаусын мағынасындағы дұға. Пайғамбарымыздың есiмiн естiгенде айту сүннет болып табылады.
23 Барзах - дүние мен ақырет ортасындағы әлем. Қабiр. Күйзелiс орны.
24 Махшар - Қияметтен кейiн бүкiл адамзаттың қайта тiрiлiп, жауапқа тартылу үшiн бiр алаңға жиналуы.
25 Асфия - пәк, тақуа әрi кемелдiк иесi, сондай-ақ Пайғамбардың iзбасары болып, оның жолын, мақсатын жандандырып, iске асыруға тырысқан ақиқатшыл жандар.
26 Ғафлет - өте маңызды болып табылатын Аллаhтың әмiрлерiн орындамай, басқа ұсақ-түйек нәрселермен айналысып, нәпсiнi тыңдау. Бейқам жүру, зердесiз болу, Аллаhты ұмыту.
27 Құраны Мүғжизул Баян - баяндауы мен түсiндiруi таңқаларлық ғажап болған Құран.
28 Саниы Зүлжәлал - шексiз алып, құдiреттi, айбынды
және әдiлеттi ұста болған Аллаh.
29 Мүғжизе - адамдар iстей алмайтын, тек қана Аллаh тарапынан пайғамбарларға берiлетiн ғажайып оқиға немесе теңдессiз iс.
30 Халиқы Зүлжәлал - шексiз құдiреттi, айбынды жаратушы болған Аллаh.
Дыбыс жоқ