ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 141
(1-151)
1 Медресетүззеhра - Бәдиүззаман Саид Нұрсидың 1914- жылы Бiрiншi дүниежүзiлiк соғы- сынан бұрын Ван қаласында ашылуы үшiн бар ынтасымен атсалысқан және Едремитте iргетасы қаланған Шығыс Университетiнiң бiр есiмi.
2 Мүбәрак - бақытты, құтты, қайырлы, берекелi.
3 Шапағат - кешiрiлуi үшiн себепшi болу және үлкен мәртебеге жетуге көмектесу. Азаптан құтылуына себепшi болып, Аллаhтан соны тiлеу.
4 Ислам - мойынұсыну, бағыну, ырыққа көну. Мұхаммед (С.Ғ.У.)-ның Аллаhтың әмiрiмен адамзатқа алып келген дiнi. “Ислам дiнi күн сияқты, үпiлеумен сөнбейтiн. Күндiзге ұқсайды, көздi жұмумен қараңғылыққа айналмас. Көзiн жұмған адам тек өзi ғана қараңғыда қалар.” (Мүназарат кiтабынан)
5 Рәззақы Хақиқи - асыл азықтандырып, ризық берушi Аллаh.
6 Халиқы Кәрiм - өте жомарт, қолы ашық Жаратушы Аллаh.
7 Хадис шәриф - қасиеттi хадис, яғни әр айтылғанда жаңа хабар сияқты құлақ салып тыңдауға лайық Пайғамбарымыздың сөзi, бұйрығы, iс-әрекетi.
8 Жәнабы Хақ тағала - өте ұлы, асқан әдiлеттi де құрметтi Аллаh.
9 Сүннет - Пайғамбарымыздың (С.Ғ.У.) сөздерi, бұйрығы, iс-әрекетi, қимылдары және әдетi. Кiмде кiм орындаса моральдық және материалдық абы- ройға, үлкен сауаптарға қолы жетедi. Орындамаса үлкен зиянға ұшырайды. Исламдағы әмiрлер қатарына кiредi.
10 Бида - кейiн пайда болған әдет. Шариғат бойынша: дiннiң негiзiнде болмаса да, дiннiң атынан кейiннен шыққан әдет.
Дыбыс жоқ