ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | ӘЙЕЛДЕРГЕ АҚ ЖОЛ | 140
(1-151)

Басқа өсиеттерiнде Рисале-и Нұр шығармалары Құранның терең мағыналы да ғажайып тәфсирi, әсiресе келешек ХХI-ғасырдың шам-шырағы болып, тура жолға бастайтынын баяндайды. Осылайша өзi қайтыс болғаннан кейiн Құран ақиқаттарының мағыналы, ғылыми және туралыққа бастайтын дәрiстерi Рисале-и Нұр шығармалары арқылы жалғасатынын сүйiндiре хабар бередi. Солардың бiрi төмендегiдей:

“Рисале-и Нұрдың әрбiр кiтабы - бiр-бiр Саид. Сiз қайсыбiр кiтапқа қарасаңыз да менiмен көрiскеннен, тiлдескеннен он есе артық пайда табасыз, әрi шынайы түрде көрiскен боласыз. Ал мен, Аллаh үшiн менiмен көрiскiсi келген жандарды көрiсе алмағандары үшiн күнде таңертең оқығандарыма, жасаған дұғаларыма қосып отыруға, әрi әрдайым жалғастыра беруге сөз беремiн. Рисале-и Нұр менiң орнымда; ол маған ешқандай мұқтаждық туғызбайды. Әрi қарай айтудың керегi де қалмады.....” Рас, оның осылай ақиқатты баяндауы, айтқандай-ақ дәл солай болды және болуда. Әрi мағыналы Бәдиүззаман үнемi жұмыс басында иман қызметiн толық атқаруда.

Аудармашыдан


Сөздiк


Дыбыс жоқ