Өз еңбектерiнде Құранның Аллаhқа иман жайында айтылған күрделi де терең мағыналы аяттарына түсiнiктеме әрi талдау жасап, адамзатқа ғасырлар бойы әлi де болса толық ашылмаған аяттарының тылсым қасиеттерiн, жұмбақ құпия-сырларын ашып, жаңа ғана терiлген гүл шоқтарындай ұсынды. Жеңiл, әрi ұғымды тiлмен Жаратушының бар екенiн және бiрлiгiн, пайғамбарымыз Мұхаммед( С.Ғ.У.)-нiң пайғамбарлығын, елшi
екенiн және адамзат баласын жаратудағы Аллаhтың мақсатын, өлiмнен кейiн мәңгi өмiрдiң келетiнiн,мән-мағынасын және Құран - Аллаhтың сөзi, ақиқат-шындық кiтабы екенiн анық, кесiмдi түрде дәлелдеп бердi және басқа да мыңдаған сауалдарға жауап таба бiлдi.
Оның бүгiнгi таңда Сөздер“, “Мектубат“, “Лемалар“, “Шұғалар“, “Асаи Мұса“, “Месневи Нурия“,“Ишаратул-Ижаз“сияқты т. б. кiтаптарын қосқанда барлығы алты мың парақты қамтитын шығармалары бар. Бұл еңбектерiн жиырма сегiз жылдай уақыт iшiнде Барла , Ыспарта, Ескiшәхар, Кастамону, Денизли, Афьен, Емирдағы және де басқа елдi мекендерде басының бостандығы болмаса да, айдауда және қамауда жүрiп жазды.